Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Дүние өтер дөңгелеп, алма-кезек..
12 ақпан, 2014 жыл 1052 Басып шығару нұсқасы

Дүние өтер дөңгелеп, алма-кезек..Күндердің күнінде бір мұсылман күйеуі мен әйелі дастархан басында түскі астарын ішіп отырады. Бір уақытта есік қағылып, әйелі есік ашады. Есіктің арғы жағында әбден ашыққан бір кедей адам сәл де болса ашыққанын білдірмес үшін тамақ беруін өтінеді. Кедейге жаны ашыған әйел күйеуіне: «Бізде Аллаға шүкір бәрі жеткілікті ғой, тым болмады бір түйір нан берейік»-дегенінде, күйеуі айқайға басып: «Қуып жібер оны! Мен нанға өз маңдай теріммен жұмыс істеп ақша табамын, жұмыс істесін»-дейді. Әйелі ештеңе жоқ деп есікті жауып алады. Біршама уақыт өткеннен кейін олардың шаңырағының шырқы кете бастайды, жұмыста қиындықтар, үйде ұрыс көбейе бастайды. Соңында ажырасып тынады. Сол уақыттан бір жыл өткеннен соң, әйел ауқатты адамға тұрмысқа шығады. Жарымен дастархан басында ауқаттанып отырғанда, өткен оқиғадағыдай, есік қағылып, кедей адам тамақ сұрап келеді. Сол кезде күйеуі әйеліне: Бұл адамға нан мен су бер, тамақтансын!-дейді, әйелі айтқанындай тамағын беріп шығарып салады. Кедей адам кетісімен, күйеуі әйелінен «саған не болды?», «әлгі кедей сені ренжітті ме?» деп сұрайды. Әйелі: «сен бұл адамды танисың ба?» -дейді.Күйеуі кім дегенінде, ол менің бұрынғы күйеуім еді – деп жауап береді. Сонда күйеуі: Сен менің кім екенімді білесің бе?-дейді. Кім,-дегенде, бұрын табалдырығына келіп, нан сұрағанымда қуып жіберген кедей менмін.



Тотия Енсебаева


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары