Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ғапылдық
18 ақпан, 2014 жыл 242 Басып шығару нұсқасы

ҒапылдықКең, жазық сахарада жүріп келе жатқан бір саяхатшы жабайы бір хайуанға кездесті де, жанталаса қаша бастады. Бірақ қаншалықты тез жүгірсе де, құтыла алмайтын болды.Сосын, алдынан кездесе кеткен терең бір құдыққа еш ойланбастан секіріп жібереді. Төменге қарай құлап бара жатып, құдықтың дуалында өсіп тұрған бір ағашты көреді де, ұстап қалады. Бірақ, ұстап тұрған ағаштың түбін бір қара, бір ақ екі тышқан үздіксіз кеміріп жатқан болатын. Құдықтың түбіне қараса, аузын ашып, құлауын күтіп тұрған үлкен айдаһарды, одан басқа тағы, ұяларынан басын шығарып тұрған төрт жыланды көреді.
Жағдайдың қорқынышты әрі мүшкіл екендігін түсінген бейшара адам қорқып, қатты қайғыға батты. Кездесе кеткен бұл жағдайы кішкене бір немқұрайлық көрсетуге де бір пәсте уақыт жоғалтуға да болмайтын еді.Тышқандар ағашты кеміріп бітірместен бұрын құдықтан шығып кету керек еді.
Бейшара адам басына төнген бұл қорқыныштың қиындығын ойлап тұрғанда,өзіне жақын қолы жететін жерде дуалда әдемі ара балын көреді, жегісі келіп ішінен:
«Мұндай жерде мынау неткен әдемі бал! Жағдайым онша мәз емес, бірақ ең болмаса дәмін бір татып көрейін.Содан кейін уақыт жоғалтпай, жоғары шығармын,»-деп ойлады.
Қолын созып, балдың дәмін татып, сондай рахаттанып қалады да:
«-Мұндай балды тағы қайдан табамын, мүмкіндігім барда тағы біраз жейін,»-деді де, балдың ләззатына батып кетеді. Осылайша ақыл-есінен айырылып, жан-тәнімен балға берілген бейшара өзінің қорқынышты, қиын жағдайын ұмытып, құтылу жолын қарастырмады.Түйеқұс қалай басын құмға тығып, айналасынан ешнәрсе көрмей, ештеңе естімейтін болса, ол да дәл солай басын балға көміп қойып, басқа ешнәрсені көрмейтін болды.Әрине, оның бұл селқостығы кеміріп жатқан тышқандарға, айдаһар мен жыландардың торуылдап жатуына ешқандай әсер етпеді.Ақыры, кемірілген ағаш құлады.Селқос жолаушы құдықтың түбіне құлап, шаруасы бітті.


Бұл қиссадағы құдық пен апаттар дүние өмірін, айдаһар мен жыландар дүниелік, нәпсілік жаман сипаттарды, бал болса алдамшы фәни ләззаттарды, ал ағаш өмірді, ақ пен қара тышқандар болса, күндіз бен түнді, яғни өмірді кеміріп жатқан заманды бейнелейді. Саяхатшы да осы шарттар ішінде мына сынақ дүниесіне келіп-кететін бір жолаушы. Ол селқостық көрсетсе, оны құрдымға кетуден басқа ештеңе күтіп тұрған жоқ.
Бұл жағдайда пенде үшін ең маңызды нәрсе –бір күні өкініш тасқыны мен жылататын әртүрлі ғапылдықтан сақтану,мәңгі рахаттық пен бақытқа кенелетін ұлы құтылуға жету үшін күш-қайрат көрсету.
Мына фәни дүниеде біздің істейтініміз - шама-шарқымызға қарай мойұсына отырып,жаратушы мен жаратылыстан бейхабар болмай,шын жүректен Құран Кәрім мен Пайғамбар сүннетіне сүйіспеншілікпен шын беріліп,терең ойланып,әрі ар-ұжданымызды жауапқа тартып отыру.
Хақ Тағала барлығымызды дұрыс жолда жүргізіп,көкрегі ояу,тірі көңіл иелері болған достарының қатарына қоссын! Әмин!


Шет ауданы «Жанқұтты би» мешітінің бас имамы Б.Алпысбайұлы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары