Қасиетті Құрани Кәрімнің «Нұр» сүресіндегі әйел кісіге кімнің алдында шариғат шәлісін тақпауға болады деген мәселеге қатысты үкімді баян еткен 31-аятта: «Сондай-ақ зейнеттерін (шариғатта ұятты деп саналатын жерлерін) көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа (беті, қол-аяқтары). Және орамалдарын омырауларын жауып тұратындай етіп тақсын», - делінген. «وليضربن بخمرهن على جيوبهن»
Осы аяттағы «Хумур» сөзі, басқа таққан орамал болса, «Жүйюб» сөзі жағадағы ойықты айтады. Яғни, жағадағы ойықтың кеңдігі себепті кейде көкірек тұсы ашық қалуы мүмкін. Аят осыны да ескеріп, жабылуын әмір етті. Деректерге қарағанда бұл аят түспей тұрып, әйел кісілер бастарына орамал тағып, арт жағын салбыратып қояды екен де, мойны, көкірек тұсы және құлақтары ашық болады екен. Кейін аят аталмыш жерлер жабық болатындай етіп байлауды бұйырды[1].
[1] Құртуби, Нұр сүресі тәпсірі, 31 аят.
Пікірлер