Шәууәл айының оразасын айт күндері аяқталған соң артынша немесе кейінірек те ұстауға болады. Рамазан айында белгілі бір себептермен ораза қаза болып, ауыз ашылған болса, онда мүмкіндігінше бірінші қарызды өтеу абзал. Яғни, қаза күндерді өтеп болған соң қосымша алты күн ауыз бекітіледі. Пайғамбарымыздың (ﷺ) сөздеріне сәйкес: «Кім Рамазан айының оразасын ұстап, сонан соң Шәууәлда тағы 6 күн ораза тұтса…» делінген. Демек, кім қарызын өтеп болмаса, Рамазан айының оразасын ұстап бітірмеген болып саналады. Сондықтан, Рамазан айының қарызы болса, алдымен Рамазан оразасын толықтырып, яғни қарыз күндерді өтеп, сонан соң ғана Шәууәл айының оразасын ұстаса болады. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Алла Тағала жеті қат аспан мен жеті қат жерді Шәууәл айының 6 күнінде жаратты, егер кімде-кім сол Шәууәл айын 6 күн оразамен өткізсе, жеті қат аспан мен жеті қат жерде қанша жаратылыс бар, соншалықты сауапқа ие болады. Күнәлары кешіріліп, дәрежесі өседі», - деген.
Қадірменді, бауырлар! Алла Тағала ниеттерімізді қабыл еткей, тұтқан оразамыздың сауабын беріп, барша күнәларымызды кешіргей!
Дариев Берік Әлсейітұлы
«Масжидур Рахман» мешітінің бас имамы
ihsan.kz
Пікірлер