Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Өлімнен кейінгі сәт
20 ақпан, 2014 жыл 399 Басып шығару нұсқасы

Өлімнен кейінгі сәтАнас ибн Малик жеткізген хадисте: «Шындығында жер күніне 10 сөз айтады екен:
1. Ей, адам баласы! Менің үстімде жүресің, бірақ түбінде менің ішіме кіресің.
2. Үстімде жүріп күнә істейсің, ішіме келіп азапталасың.
3. Үстімде жүргенде көп күлесің, ішімде өкініп жылайсың.
4. Үстімде жүргенде арам адалды ажыратпай жейсің, ішімде сені құрттар жейді.
5. Үстімде жүргенде қуанышқа бөленіп жүресің, ішіме келгенде қайғырасың.
6. Арамнан мал жинайсың, сол жиғаныңнан ішіме келгенде қашасың.
7. Үстімде тәкәппарланып жүресің, ішіме кіргенде өкінесің.
8. Үстімде жүргенде мақтаныш кернейді, ішіме кіргенде қайғырасың.
9. Үстімде жүргенде күн нұрына бөленесің, ішімде қараңғы қапасқа түсесің.
10. Үстімде жүргенде көпшілікпен болушы едің, ішіме жалғыз кіресің»
Қабірде күніне 3 сөз айтады екен;
1. Мен жалғыздықтың үйімін, мен қараңғылықтың орнымын, мен құрттардың мекенімін, осы жерге келер бұрын қалай дайындалдың. Басқа риуаяттарда қабір күніне 5 сөз айтады екен.
1.Мен жалғыздықтың мекенімін Құран оқумен мені өзіңе дос қыл.
2.Мен қараңғылықтың үйімін, мені түн намаздарын оқумен нұрландыр.
3.Мен топырақтан тұратын үймін, ізгі амал істеп өзіңе пейіштің бір бұрышын төсек қыл.
4.Мен ауру азаптың үйімін, одан құтылу үшін емін әзірле ол Құдайдан қорқып жылау.
5. Мен Мүңкір Нәнкірдің үйімін, оларға дұрыс жауап беру үшін кәлиманы көп оқы.
Айша (р.ғ.) анамыз бір күні үйде отырғаныңда Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) үйге кіріп келеді, Айша (р.ғ.) әдеті бойынша орнынан тұрып қарсы аламын дегенде отыра бер деп Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) орнынан тұрғызбай өзі де отыра кетеді. Сосын мүбәрак басын Айшаның (р.ғ.) тізесіне қойып, ұйықтап кетеді. Айша (р.ғ.) анамыз Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сақалындағы ақтарды көріп, ойына Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бұл дүниеден кететіндігі келіп жылай бастайды. Пайғамбар(с.ғ.с.) бұл дүниеден өтсе мен және күллі үммет Пайғамбарсыз қалады ғой деп отырғанда көздерінен аққан жастардың Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жүзіне қалай тамып кеткендерін байқамай қалады. Аққан жастар жүзіне тигенде Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) оянып кетіп, Айшадан (р.ғ.) не себепті жылап отырғанын сұрайды. Айша (р.ғ.) ойын айтып бергенде Пайғамбарымыз: (с.ғ.с.) Ей, Айша (р.ғ.)! Мәйітке ең қиын уақыт қай уақыт екенін білесің бе? дегенде Айша (р.ғ.) Я! Расулулла (с.ғ.с.) өзіңіз айтыңызшы дейді, сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жоқ Айша (р.ғ.) сен айт дейді. Айша (р.ғ.) мәйітке ең қиын уақыт ол оны үйінен шығарып балалары жиған-тергені артында қалып бара жатқанда дейді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ия бұл қиын дейді, бірақ бұдан да қиын уақыт бар, ол қай уақыт дегенде Айша (р.ғ.) ол мәйітті апарып қабіріне көміп жора - жолдастары сол қабірдің сыртында қалғанда дейді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ия бұл қиын, бірақ одан да қиын не бар дегенде Айша (р.ғ.) анамыз Алла және Елшісі біледі дейді. Мәйітке ең ауыр уақыт ол оған жуып ғұсылдандыратын адамдар келіп қолындағы жүзігін шешіп, киімін шешіндіріп жатқандағы уақыт қиын дейді. Сол уақытта жаны денесінің жалаңаш жатқаның көріп қатты дауыстап айқайлайды, Ей! Тәнімді жуушылар киімімді байқап шешіңдерші мен қазір жаралымын, жанымды Әзірейіл (ғ.с.) денемді жарақаттап алды, жуатын адамдар суды денесіне құйғанда тағы да дауыстап суларын қатты ыстық және суық болмасын, жуатын адамдар денесін ұстай бастағанда Алланың атымен сұраймын мені қолдарыңды батырып қатты ұстамаңдаршы дейді. Жуып болып кебініне орап жатқанда кебінімнің аяқ жағын байласандар да бас жағын байламандаршы отбасым мен достарымды көріп жатайын, бұдан кейін мен оларды қияметке шейін көрмеймін ғой дейді. Үйінен шығарылған кезде, асықпандаршы жиған дүниеммен отбасыммен қоштасайын, менің әйелім жесір қалды оған көмектесіңдер, балаларым жетім қалды оларды қолдаңдар, мен енді келмес сапарға кетіп барам ешқашан қайтып келмеймін, адамдар мәйітті алып қабірге қарай беттегенде асықпаңдаршы мен отбасымның даустарың естіп қалайын мен олардан айрылып кетіп барамын. Қабірге қарай адамдар 3 адым аттағанда, ей! Туыс жорам сендерде дүниемен алданып қалмаңдар мен алданып қалғандай, сендерді дүние ойыншығы қылып алмасын мені ойыншық қылғандай менен ғибрат алыңдар, жиған дүнием артымда қалған бала шағама қалды, менін қателігімді қайталамандар. Менім сонымнан дұға қылыңдар. Жаназа намазы оқылғаннан кейін кейбір адамдар қабір басына бармай қалып қойғанда, мені осылай тастап тез ұмытып кетеніндеріңді білгенмін бірақ мені көмбей кетпеңдер. Қабірге қойылған кезде мені жалғыз қараңғылықта тастап кетіп барасыңдар, сендерден сұрайтыным мені ұмытып кетпеңдер сонымнан көп дұға қылыңдар, осы сөздер мәйіттің ақырғы сөзі болады, ол айқайды адам мен жындар ғана естімейді.


Араб тілінен аударғандар:
Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамдары
Бекболат Зулжаладдинұлы, Дархан Асылтайұлы.


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары