Абукаһилден (р.а.) жеткен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде «Кімде-кім Маған (с.ғ.с.) шын ықыласымен таңертен және түнде үш мәртеден салауат айтса, Алла Тағала ол адамның күндізгі және түнде істеген күнәларын кешіреді».
Омардың (р.а.) күнделікті істерін жазып жүретін дәптері болған екен. Бір жұма өткеннен кейін сол дәптерді алып оқып, сол жазғандарының ішінде бір қателік күнә істеген жерлеріне жолыққанда өкініштен жылап, осыны сен істедің бе деп өзін-өзі табалап, кейде өзін-өзі ұрып та жіберетін болған, Алладан қорыққаны соншалық жиі талып та қалатын. Бұл дүниеден өткенде ғұсылдандыратын адамдар денесінен сондай ұрғаннан қалған көгерген іздерді көрген. Алладан қорқып соншама көп жылаған, көз жас іздері жүзінде көрініп тұратын, мені анам бұл дүниеге әкелмегенде ғой деп көп қайталап жүретін болған. Бір күні көшеде келе жатқанда Алланың азабы келеді, оны ешкім қайтара алмайды деген аятты естігенде, талып атынан құлап түседі, адамдар көтеріп үйіне апарып тастағаннан кейін үйінен бір ай шықпай қалады.
Кағбул ахбар (р.ғ.) Менің Алладан қорқып көзімнен жасым ағып жылағаным, өзімнің салмағымдай алтынды садақа қылғаннан артық, себебі қандай бір адам Алладан қорқып көздерінен жасы ағып жыласа, ол адам тозаққа кірмейді деген. Мұсаға (ғ.с.) Алла тағала уахи еткен екен
1. Адамның дүниеге деген махаббатын жойғанындай абзал іс Менің алдымда жоқ, яғни зуһд қылса.
2. Маған жақындағысы келсе, жақындаудың абзалы ол арамнан бойын аулақ ұстау.
3. Маған құлшылық қылса, құлшылықтың абзалы Менен қорқып жылау.
Кімде-кім зуһд қылса ол адамды жәннәттың қалаған жеріне тұрғызам, ал енді кім жақындаса оны есеп қисапсыз жәннәтқа кіргізем, ал енді кім Менен қорқып жылаған болса жәннәтта сүйген құлдарыммен бірге болады.
Қиямет күні бір адамды есепке алып келіп дәптерін қолына береді, дәптерін оқып көптеген күнәларына жолығып мына күнәләрді мен істеген жоқпын деп сол адам дәптерінен бас тартады. Сол кезде Алла тағала Менің куәлерім бар дейді. Жан жағына қараған адам я, Рабби мен ешкімді көріп тұрған жоқпын куәлеріңіз қайда?- деп сұрайды. Сол кезде Алла Тағала адамның ағзаларын сөйлетіп құлақтары естідік, көздері қарадық, тілі айттық, қолдары ұстадық, аяқтары бардық деп адамға қарсы куәлік бере бастайды. Амалы таусылған адамды тозаққа барсын деп Алла тағала әмір етеді. Қорқыныштан амалы таусылған адамға оң көзінің кірпігі араша түсіп Алла Тағаладан сөйлеуге рұқсат сұрайды. Алладан рұқсатын алған кірпік я, Рабби! Егерде құлым бір кірпігін Менен қорыққаннан жасымен суласа, ол адамды тозаққа кіргізбеймін деп айтпадыңыз ба?- дейді. Алла Тағала айттым дегенде, кірпік мен мына адамның Сізден қорқып мені көз жасымен сулағанына куәлік етемін деп куәлік береді. Сол көз жасы себеп болып Алла Тағала ол адамды тозақтан құтқарып жәннәтқа кіргізеді.
Атодан жеткен риуаятта: мен, ибн Омар, Убайд ибн Омар және Али (р.а.) Айша (р.а.) анамыздың үйіне бардық. Айшаға (р.а.) Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) өмір сүрдіңіз, сізді не таң қалдырды? - деп сұрадық. Сонда Айша (р.а.) бір күні түнде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) менің үйіме келіп, ол түн менің түнім болатын, денесі менің денеме тиіп маған: Ей! Айша сен маған Раббыма құлшылық қылуыма рұқсат бер!- деді. Мен: я Расулла! Маған Сіздің (с.ғ.с.) Аллаға мінәжат қылғаныңыз нәпсімнен гөрі артық. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дәретін жаңартып құлшылық қылып жылайды, жастары жерге ағып түсе бастағанда үйге Біләл (р.а.) кіріп, я Расулла (с.ғ.с.) Сізді не жылатты Алла тағала Сіздін (с.ғ.с.) алдыңғы және артқы күнәларыңызды кешірді ғой дегенде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) шүкір қылатын пенделерден болмаймын ба? - деп жауап беріп, Әли Ғимрон сүресінің 190 және 191-ші аяттарын оқып, Біләлға (р.а.) тозақ отын тек қана көз жасы сөндіреді деп, осы аяттарды оқып тұрып ойланбаған адамға қандай өкініш деді. Басқа бір ибн Аббастан (р.а.) жеткен хадисте: «Қандай бір адамның Алладан қорыққаннан денесі түршіксе, күнәләрі талдан кепкен жапырақтай түседі».
Араб тілінен аударғандар: Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамдары: Бекболат Зүлжаладдинұлы, Дархан Асылтайұлы.
Пікірлер