Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Адамның үш досы
17 наурыз, 2014 жыл 326 Басып шығару нұсқасы

Адамның үш досыӘрбір адамның үш досы бар. Адам күндердің күнінде үлкен сотқа бара жатқан кезде бірінші досына былай дейді:
- Менімен бірге жүрші, мен өте ауыр бір сотқа бара жатырмын. Бірінші досы: - Сен ондай жерге баратын болсаң, мен саған жоламаймын, - дейді. Адам екінші досына жоғарыдағыдай өтініш жасаған кезде екінші досы оған былай дейді:
- Жарайды, мен сені апарамын, бірақ есігінен сені ішке кіргізіп, есігін жауып өзім қайтамын. Адамның үшінші досы болса адамға сен қайда барсаң сенімен бірге боламын,-дейді. Адамның бірінші досы – оның дүние-мүлкі. Адам қайтыс болған кезде ол басқаларға қалып қояды. Екінші досы болса адамның бала-шағасы және ағайын туыстары, жора жолдастары, олар қабірге кіргізіп көміп өздері кері қайтады. Адамның үш досы болса оның дүниедегі істеген жақсы амалдары. Ұлы Алла Тағаланың бұйырған парыздарын Расулуллаһтың (с.ғ.с.) сүннеттерін орындауы, міне осы және басқа да істеген ізгі амалдары. Адам баласының ең жақсы досы дүниеде, қабірде және ақіретте бірге болады.


Сайтқа дайындаған: Тотия Енсебаева





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары