Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Кішкентай ғалым
18 наурыз, 2014 жыл 160 Басып шығару нұсқасы

Кішкентай ғалымЕртеде бiр кәпiр ғалым мұсылмандарға келiп «Мен Аллаһтың жоқтығын дәлел­деймiн» деп, олардың араларынан бiр ға­лым­ды айтысуға шақырады. Мұсылмандар күлiп:
- Бiздiң кiшкентай ғалымымыз бар, - деп имам Ағзам Әбу Ханифаны көрсетедi. Бұл кезде имам Ағзам жас бала екен, бiрақ Құ­ранды жатқа бiледi екен.
Бұл хабарды естiп көп адам жиналыпты, кәпiр ғалым мiнбеден орын алып, имам Ағзамды күтедi. Ол кешiгiп келедi. Ғалым оны келе салысымен сөзбен iлiп:
- Кiшкентай ғалым, маған не айтарыңды бiлмей ойланып, кешiгiп жүрсiң бе? - дейдi.
Имам Ағзам:
- Тақсыр, мен өзеннiң арғы бетiнде тұрамын, бер жаққа өтейiн десем, қайық кетiп қалыпты. Мен қайықты күте алмай, бiр ағашқа «қайық бол!» деп едiм, қайық болды. Сонымен бергi бетке өттiм, - дейдi.
Кәпiр ғалым iшек-сiлесi қата күлiп:
- Сен менi ақымақ деп тұрсың  ба? Ағаш «қайық бол!» десе, бола қала ма? Ол үшiн ағаш ұстасы қайықты жасауы керек қой? - деп қарсы шығады. Сонда имам Ағзам:
- О, тақсыр, қайық екеш қайық­қа да ұста керек екенiн, бi­реу жасамаса, өздiгiнен болмайтынын өзiңiз дәлелдедiңiз. Ал бү­кiл әлемнiң, адамзаттың Жаратушысы жоқ деп қалай айтасыз? - дейдi. Кәпiр сөзден тосылып, екiн­шi сұрағын қояды:
- Сен маған Аллаһ Тағаланы көрсет, - дейдi.
Имам Ағзам сүт әкелдiредi де, кәпiрге:
- Мына сүтте май бар ма? - деп сұрайды.
Кәпiр ғалым:
- Бар, - дейдi.
- Соны маған көрсетiңiзшi, - дейдi имам Ағзам.
- Мен қалай көрсетпекпiн? - деп таң қа­лады ол.
- Сiз маған майды көрсете алмадыңыз. Мен сiзге әлемнiң Қожасын қалай көрсетем? Мен Оның бiр құлымын, менiң өмiрiм Оның қолында. Аллаһ Тағала бұйырады, мен бағынамын.   Мен сiзге Аллаһ Тағаланы көрсете алмаймын, - дейдi.
Кәпiр ғалым үшiншi сұрағын қояды:
- Қазiр сенiң Аллаһ Тағалаң не iстеп жатыр?
Сонда Әбу Ханифа ғалымға:
- Мiнбеден түсiңiз, - дейдi. Ол түскенде  өзi мiнбеге шығып:
- Тақсыр, сiздiң дәл қазiр мiнбеден түсiп, менiң шығуым - Аллаһтың бұйрығымен болып жатқан iс. Сiз мiнбеден түсем дегенше, мен келем дегенше, Аллаһ жанымызды алуы мүмкiн едi.
Бүкiл әлемнiң тiршiлiгiн қамтамасыз етiп жатқан Аллаһ Тағалаға шү­кiршiлiк етейiк, - дептi. Сонда кәпiр ғалым кiшкентай мұсылман ғалымның жауабына тоқтап, Исламды қабылдаған екен.


Сайтқа дайындаған: Тотия Енсебаева





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары