Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сабырлықтың сауабы
20 наурыз, 2014 жыл 529 Басып шығару нұсқасы

Сабырлықтың сауабыАнас ибн Маликтен жеткен Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Кімде-кім Маған (с.ғ.с.) салауат айтса, Алла Тағала оған он салауат айтады, және ол адамның он қателігін кешіріп, дәрежесін он есеге көтереді».
Кәһф сүресінің 28-ші аяты нәзіл болуына себеп болған Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) Құрайыш руының басшылары келіп, Сен (с.ғ.с.) бізбен мәжілісте отырғанда мәжілісімізге арамыздағы иістері жаман қор болып жүрген адамдар кірмесін, біз олардан желкенеміз, егер олар кірмесе біз иман келтіреміз деп кедей болған ұлы сахабаларды, олар Салман (р.а.), Суһайб (р.а.), Ғаммар (р.а.) және Хаббаб (р.а.) сияқты басқа сахабаларды меңзеп айтады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) олардың иманға келгендерін қалап айтқандарын орындағысы келгенде, Жәбірейіл (ғ.с.) келіп Алла Тағала Саған (с.ғ.с.) сәлем айтты деп осы аятты уахи қылады: «Сабыр қыл сондайлармен бірге олар Алла ризалығын іздеп таңертен кешке жалбарынады, олардаң дүние тіршілігін қалап көзіңді басқаға аударма». Осы аят түскеннен кейін басшыларға Мен (с.ғ.с.) оларды мәжілісімнен шығара алмаймын ол істен Мені (с.ғ.с.) Раббым тыйды дейді. Онда оларға бір күнді, бізге бір күнді бөл деп талап қойғанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) олай да істей алмаймын дейді. Онда мәжілісте отырғанымыз да бізге жүзіңді қаратып оларға арқанды салып отыр дейді, бұл шарттарына да Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) келіспейді. Қутада (р.а.) бұл аяттың түсуіне себеп суффа сахабалары болған дейді. Суффа сахабаларының саны 700 дей адам болған. Олардың барар үйлері, ішерге тамақтары болмаған, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мешітінде намаздан намазды тосып күндерін мешітте өткізетін болған. Осы аят түскенде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Аллаға шүкір үмметімнің ішіңде солармен бірге нәпсімді сабырлыққа шақыруға әмір келген деген. Бір күні кедейлер арасынан бір адамды шығарып Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) сәлемдемемен жібереді. Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) жіберген кісісі келгенде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Алла Тағала сүйген қауымнан келген кісі жоғары шығыңыз, қандай бұйымтайыңыз бар деп сұрайды. Келген кісі: Я, Расулла(с.ғ.с.) арамыздағы байлар бүкіл сауапты алып кетті, қажылыққа баратын да, садақа беретіндер де, құл азат қылатындар да және бір адам ауырса артық тамақтарын беретіндер де солар дегенде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған оларға Менен (с.ғ.с.) жеткіз: «Кімде-кім кедейлігіне сабырлық қылса, Алла Тағала ол адамдға үш нәрсе береді, ол үш нәрсе байларға еш берілмейді:
1-Жәннатта қызыл жақұттан салынған бөлмелер бар, сол бөлмелерге жәннат иелері аспандағы жұлдыздарға қарағандай қарайды, сол бөлмелер тек қана пайғамбарларға, әулиелерге, шәһидтерге ж/е кедей болған мұсылмандарға беріледі.
2-Кедейлер пейішке байлардан жарты күн бұрын кіреді, жарты күн 500 жылға тең келеді. Сүлеймен (ғ.с.) дүниеде берілген байлықтың себебінен пейішке пайғамбарлардың сонынан 40 жылдан кейін кіреді.
3- Егер де кедей адам Субханалла уалхамдулиллә уа лә иләһә иллаллаһу уаллаһу акбәр деп шын ниетімен айтса, бай адамда осы дұғаны оқып үстіне 10000 дирһам ақша қосса да кедейдің сауабындай сауапты алмайды, істелген ізгі амалдардың бәрі осылай дегенің Пайғамбарымыздаң (с.ғ.с.) жіберген кісілеріне жеткізгенде Я! Алла біз кедейлігімізге ризамыз деген.
Омар (р.а.) бір күні Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үйіне келсе, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) шиден тоқылған төсеніштің үстіңде жатып денесінде шидің батқан іздерін көреді, ыдыстарда не бар екен деп қараса жарты сағ, яғни екі килограммнан асатын арпаны көріп өзің өзі ұстай алмай жылайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) неге жылайсын Омар (р.а.) деп сұрайды. Сіз (с.ғ.с.) Алла елшісі бола тұра осыншама кедей тұрасыз, ал Кисра, Қайсар патшаларды алсақ олар жібек төсекте не ішем не жеймін демейді дегенде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оларға дүниені, бізге ахиретті қаламайсынба. Ей! Омар (р.а.) орларға дүниеде істеген жақсылықтары осы дүниеде беріледі, қиямет күніне оларға Алла Тағала жақсылық қалдырмайды деді.
Бірде Сахабаларына банкротқа ұшыраған адам кім деп Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сұрағанда, сахабалар саудамен айналысып саудасы жүрмей дүниесінен айрылған адам деп жауап береді. Сонда Алла Елшісі (с.ғ.с.) жоқ банкротқа ұшыраған адам бұл дүниеде ұзақ өмір сүріп қиямет күні Раббысына көрсетер еш жақсылық сауабы болмаған адам деп жауап берді.


Араб тілінен аударғандар:
Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамдары
Бекболат Зулжаладдинұлы, Дархан Асылтайұлы





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары