Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Құлдың амалы
09 сәуір, 2014 жыл 239 Басып шығару нұсқасы

Жұмыла көтерген жүк жеңілҚұлдың жақсы амалдары үш топқа бөлінген, олар мынадай:
1. Жүректің амалы. Жүректің амалы- сену. Адамның ішкі жан дүниесіндегі сенімін ешкім естімеген, көрмеген, бірақ мықты сенімнің иесі.
2. Тілдің амалы. Тілмен істелінген амал (құлшылық) естіледі және амалына қарап үкімі беріледі.
3. Сыртқы мүшелермен істелінген амал көріледі соған қарап үкім беріледі.
Егер бір адам айтылғандарға байланысты пайдалы бір іс жасаса, оған:
1) Жүрекпен істелген амалы үшін, Ұлы Алла Тағала есіне келмейтін тіпті қиялына сыймайтын сыйлықтарды сол құлына береді.
2) Тілмен істелген амалына жауап ретінде Алла Тағала ешбір құлақ естімеген сыйлықтарды құлына береді.
3) Сыртқы мүшелерімен істелген амалға қарап, Алла Тағала ешбір көз көрмеген сыйлықтарды құлына береді.
Бұл жағдайларға қарағанда, әр құл істейтін құлшылықтарын жалғастыра беруі тиіс. Өйткені Алла Тағала үшін жасалған жақсы амалдардың бірі де елеусіз қалмайды. Әр жақсы амал үшін, дәрежесін үстем етіп қойды.
Садун Мәжнүн былай деп айтты:
- Садун Мәжнүн алақанына Алланың атын жазады екен. Оның бұл жазғанын көрген Сырр-и Сакати сұрапты:
- Садун, неге бұлай істеп жатырсың?
Сонда Садун: «Мен Алла Тағаланы жақсы көремін. Раббымның есімін жүрегіме жаздым, Алладан басқаны еш айтпауым үшін. Дәл қазір Раббымның есімін алақаныма жазып жатырмын, көздеріммен ылғи оған қараймын, көздерім ылғи онымен байланыста болсын»-деп жауап берген екен.
Тотия Енсебаева





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары