Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Тілдің апаты
12 мамыр, 2014 жыл 642 Басып шығару нұсқасы

Тілдің апатыПайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Біреуге қолымен немесе тілімен зәредей зиянын тигізбеген адам нағыз мұсылман»,-деді. Бұл хадисте Алла тағаланың алдында нағыз мұсылман болу үшін тек намаз оқып, ораза тұтып, садақа беріп қана шынайы мұсылман бола ала алмайды екенбіз.Ол үшін ең бастысы адам өз тіліне ие болуы керек екені ашық айтылып тұр.
Бір күні бір адам пайғамбарымыздан (с.ғ.с): «Я Расулулла, бір дәулетті әйел күнде садақа береді, бес уақыт намазын оқиды, көп жақсылық жасайды. Бірақ тіліне ие болмайды. Күнде тілдеп балағаттайды. Ал енді басқа бір әйел бар,ол кедей тұрады.Ешқандай садақа бере алмайды,қайрымдылық істей алмайды.Бес уақыт намаз оқиды.Бірақ тіліне ие болып,ешкімді балағаттап,тілдемейді.Я,Расулулла,осы екі әйелдің қайсысына сауап жазылады»-деп сұрады.Сонда пайғамбарымыз(с.а.у)айтты «Бай әйел көп қайыр- садақа бергенмен тіліне ие болмаса,оның жақсылығының сауаптарын айтқан ғайбатымен балағаттаған тілі жойып отырады.Ал екінші әйелдің қолы қысқа болып қайыр-садақа бере алмаса да,ол әйел тіліне ие болады,ешкімді тілдеп ғайбаттаған жоқ,оның барар жері жәннат»-деді.
Яғни егер намаз оқып,ораза тұтып,бірақ басқа адамға тіл тигізіп,өсек,ғайбат айтқан адам,бұл адамға тигізер пайдасы да, зияны да өте зор.Мысалы,имандылық пен имансыздықтың және мұсылман мен кәпірдің арасын айыратын осы тіл.Алла тағаланың бірлігіне,барлығына иман келтіріп,адамды жәннатқа бастайтын,Алла тағалаға серік қосып,кәпірлік келтіріп, тозаққа бастайтын да пенденің сәйексіз қызыл тілі екені анық емес пе!.Мұндай қасиет тілден басқа адамның ешбір мүшесінде жоқ.Құлақ дауыстан басқа ешнәрсе естімейді.Көз көрінер заттан басқаны көрмейді.Сол сияқты ағзаның басқа мүшелерінің де мүмкіндіктері шектелген.Ал адамның тілінде ешқандай шек жоқ.Егер бір кісі тіліне ерік беріп,тізгінін бос қойса,онда шайтан ол кісінің басын онда да, мұндада соғып,ақыры тозақ отына түсуге себеп болар.Сол себепті әр мұсылман өзінің тіліне ие болып,тек қана шариғат сөздері мен тәрбиелік мәні бар имандылық сөздерді ғана айтуға тырысу керек.Бір күні Мұғаз ибн Жабал деген сахаба пайғамбарымыз (с.а.у) «Я,Расулулла,мені жәннатқа кіргізетін,тозақ отынан сақтап қорғайтын бір амалдан хабар берсеңіз» -деп сұрады.Сонда пайғамбарымыз (с.а.у) тілін ұстап.Сосын: «Ей, Мұғаз, мына тіліңді жаман сөз айтудан сақта»,-деді.Сонда Мұғаз ибн Жабал:-Я, Расулулла сонда біз тілімізбен сөйлеген сөзімізге күнәһар болып,жаһаннамға кіруге кіріптар боламыз ба-деп сұрады.Пайғамбарымыз (с.а.у)-Адам баласын тозақ отына түсіретін адамның күнәһар сөздерді сөйлеуші тілі,-деді.
Тілдің апаты,яғни пәлесі көп және күнәсіда өте үлкен.Олар: жалған сөйлеу,өтірік айту,жалған ант ету т.б.шариғатта жалған куә болып,ант ету халықты аздырып,жұртты бұзып,әйлерді жермен-жексен ететін үлкен бір күнә және мұнафиқтықтың белгісі болып есептеледі.
Халқымызда «Басқа пәле тілден» деген дана сөз бар. Адам баласын өсіретін де, өшіретінде – тіл. Пайғамбарымыздың хадисінде «нағыз мұсылман тіліне ие болған адам» депбекер айтылмаған. Сол себепті тек ғана тілімізбен жақсы шариғи сөз сөйлеп, жаман ғайбат, өсек өтірік сөз сөйледен сақтанайық.


Осакаров ауданы Тоқа Байғозықажы мешітінің бас имамы Қанат Анасұлы





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары