Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Картоп, жұмыртқа және кофе дәнегі
19 мамыр, 2014 жыл 441 Басып шығару нұсқасы

Картоп, жұмыртқа және кофе дәнегіЕрте ерте ертеде…Ешнәрсені ұнатпайтын, жылауық бір қыз болыпты. Ол үнемі өмірдің қиын, жаман екенін айтып, онымен күресуден шаршағанын айтатын. Бір мәселе шешілгенде, үнемі басқа бір мәселе шығатын болып көрінетін оған. Бір күні аспаз болған әкесі қызын ас үйіне шақырып, оған өсиет айтпақшы болады. Үш ыдысқа су толтырып, отқа қояды. Су қайнай бастаған кезде біреуіне картоп, екіншісіне жұмыртқа, үшіншісіне кофе дәнегін салады.. Қызына ешнәрсе айтпай, күтеді. Қызы да үндемеді, соңы не болады екен деп ол да күтті. Бірақ сабырсыз болғаны үшін тағы қанша күтетінін сұрап мазалана бастады. Әкесі үндемеді.
20 минуттан кейін, әкесі отты өшірді. Картоп, жұмыртқа және кофе дәнегінен шыққан кофені бөлек бөлек ыдыстарға қойды. Қызға:
- “Нені көріп тұрсың?”
- “Картоп, жұмыртқа кофе дәнегін” деп түсінбей жауап берді қыз.
- “Жақынырақ келіп тағы қара” деді әкесі, “картопқа қолыңды тигіз.”
Қыз айтқанды орындап, картопты қолына алып оның жұмсарғанын айтты.
- “Тура солай жұмыртқаны да зертте”. Қыз жұмыртқа қабығының қатқанын айтты. Ең соныңда кофеден ұрттауын ұсынды әкесі. Қыз кофені ұрттап, оның дәмді екенін айтып күлімдеді. Сонда да ешнәрсені түсінбеген қыз: “Мынаның бәрімен нені айтқың келді, әке?” Әкесі, картоп та, жұмыртқа да, кофе дәнегі де бірдей қайнаған судың ішінде тұрып бірдей қиыншылық көргендерін айтты. Бірақ осындай қиыншылыққа қарсы әрқайсысы әртүрлі күйге айналды. Картоп басында қатты, мықты болып тұрса, қайнаған судың ішіне түскен кезде жұмсарып өз күшін жоғалтты. Жұмыртқа өте нәзік, сезімтал болса басында, қайнаған суға түсіп қатты болды. Бірақ кофе дәнегі басқаша болды. Қайнаған судың ішіне түскенде ол өзі де суды да өзгертті да, алдымызға толығымен жап-жаңа нәрсе шықты. Әкесі: – “Сен қайсысына ұқсайсың? Бір қиыншылық басқа түскенде әрекетің қандай болмақ? Картопқа ұқсап мыжылып кетесің ба? Әлде, жұмыртқаға ұқсап, жүрегін қатаяды ма? Әлде, кофе дәнегіне ұқсап, оқиғалардың сені жетілдіріп, өміріңе жаңа бір серпіліс жасауына рұқсат бересің бе?”


Сайтқа дайындаған: Тотия Енсебаева





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары