Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Тұзды не үшін сатып алғызды?
09 маусым, 2014 жыл 251 Басып шығару нұсқасы

Тұзды не үшін сатып алғызды?Ертеде бір би аң аулауға шығады. Нөкерлері бидің құрметіне үлкенірек бір жылқы сойғызып, ет асады. Сорпасына тұз қосатын кезде қастарыңа тұз алмағандарын көреді. Жақын маңайдағы ауылға тұз алу үшін біреуді жібереді. Мұны естіген би: “Тұздың ақшасын беріп кетсін; ақысыз-пұлсыз алу әдетке айналмасын!” дейді. “Алатынымыз аз-ақ қой, несіне сатып аламыз?” деп сұрайды нөкерлері. Би: “Әлемдегі зорлық-зомбылық кішкентай нәрседен басталған болатын. Уақыт өте келген-кеткен адамдар оны үлкейтті. Осылай озбырлық бүгінгі дәрежеге жетті”.
Халықтың бақшасынан хан бір алма жесе, нөкерлері ағашты түп-тамырымен жұлып алады. Хан бес жұмыртқа үшін зомбылыққа көз жұмса, әскерлері мың тауықтың көзін жояды.


Тотия Енсебаева





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары