Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Залым қалай тәубесіне келді?
23 шілде, 2014 жыл 353 Басып шығару нұсқасы

Залым қалай тәубесіне келді?Абу Талһадан (р.а.) жеткен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Бір күні Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жүзі нұрланып кіріп келді. Сонда Сахабалар тұрып « Я Расулалла жүзіңіздегі қуаныштың себебі не? Сізді не жағдай қуандырды », - деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Маған періште келіп, ей Мұхаммед (с.ғ.с.) Алла Тағала Сені (с.ғ.с.) риза қылып айтпады ма? Үмметіңнің қайсы бірі Саған (с.ғ.с.) бір сәлем немесе бір салауат айтса, Алла Тағала саған он есе қайтарамын демеді ме? Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әлбетте ризамын» деген екен.
Ерте заманда бір залым кісі әулие адаммен амандасып қайтайын деп жолға шығады. Залым кісі әулие үйіне келіп, екі қолын ұсынғанда әулие екі бетін жауып алып, алдынан өте шығады. Әкесінің бұл қылығына ұялған баласы, әкем қатты ауырып жүр еді деп сылтау айтады. Сол кезде әкесі тұрып, менде ешқандай ауру жоқ тек қана мен залымдардың жүзіне қарамаушы едім дегенде әлгі залым адам тәубесіне келген екен.
Маймун ибн Маһрон айтқан екен: «Залым патшамен араласуда екі қатер бар:
1. Бойұсынсаң дініңнен айырыласың.
2. Келіспесең өміріңнен айырыласың. Саған ең жақсысы сен оны, ол сені танымағаны деген екен».
Омар ибн Хаттабтан (р.а.) жеткен Пайғамбарымыздың хадисінде: «Сахабалар я Расулалла! Алла алдындағы адамдардың жақсысы кімдер және Алла алдындағы жақсы амал қандай деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: Алла алдындағы адамдардың жақсысы, адамдарға көп пайда бергені, амалдардың жақсысы мұсылман адамның жүрегіне қуаныш кіргізуі демек, оны тамақтандыру, басына төнген қиындықты бөлісу, қарызын өтеуге көмектесу, басқа бір мұсылманның қажетін өтеу мақсатында жүрсе оның сауабы бір ай оразаны Аллаға құлшылықпен (иғтикафымен) өтегендей болады. Ал енді кімде-кім қиянат көрген адаммен көмек көрсетіп, бірге жүрсе қиямет күнінде Алла Тағала ол адамды қыл-көпірден еш қорқынышсыз өтеді деген. Кімде-кім ашуына ие болса, Алла Тағала ол адамның айыптарын жасырады. Шындығында жаман мінез сірке суының балды бұзғандай, иманды да бұзады»
Құрметті бауырлар! Осы хадистен түсінгеніміз бұл дүниеде істеген әр бір жақсылығымыз бен жамандығымыз алдымыздан шығатындығын меңзейді. Олай болса, тек қана жақсылық жасайық ағайын.


Араб тілінен аударғандар: Қарағанды облыстық орталық мешіттің наиб имамдары: Дархан Асылтайұлы, Бекболат Зулжаладдинұлы.


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары