Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Бақытсыздық (шикауат)
29 тамыз, 2014 жыл 233 Басып шығару нұсқасы
Бақытсыздық (шикауат)Бақытсыздықтың белгілері он бір. Олар мынадай:
1) Керексіз жерде дүние малын жинау
2) Бүкіл қайратын нәпсіге байланысты дүниедегі құмарлықтың дәмін алуға жұмсау;
3) Жаман, сүйкімсіз нәрселерді көп айту;
4) Бес уақыт намаздарына, яғни ғибадат етуге, мән бермеу;
5) Әрдайым жаман кісілермен дос болу;
6) Жаман мінезді болу;
7) Мақтанып көкірек көтеру;
8) Адамдарға пайдасы тиетін нәрселерге қарсы шығу;
9) Мүминдерге мархаматы аз болу;
10) Сараңдықпен ешкімге көмектеспеу;
11) Өлімді ұмыту.
Бір кісі өлімді ойласа, аштарды жегізіп тойдырудан кері тұрмайды. Мұсылман әйелдер мен мұсылман еркектерге мархаматты болады.
Расулуллаһ (с.а.у) бір хадис шәрифінде былай деген:
-«Бақытсыздық саналған шакауат белгілері төрт түрі болады:
1) Істелген күнәларын ұмыту. Бірақ өткенде істеген күнәлардың бәрі де Аллаһтың құзырында жазулы;
2) Істеген жақсылықтарын қайталап айта беру. Бірақ істеген жақсылықтары, қабыл етілді ме немесе қабыл болмады ма, оны ешкім біле алмайды;
3) Дүние істерінде әрқашан өзінен артық болғандарға қарау;
4) Діни істерде әрқашан өзінен толғандарды көру.»
-«Бір мұсылман жалаңаш бір мұсылманды киіндірсе, қиямет күні Аллаһ та оны жәннаттың жасыл киімдерімен киіндіреді.
Қайсыбір мұсылман бір ашты тойғызса, Аллаһ оны жәннат миуаларынан жегізеді. Қайбір мұсылман бір мұсылманға су ішкізсе, Аллаһ та оған ауызы мөрленген жәннат шарабынан ішкізеді.»
Сайтқа дайындаған: М.Қуандыққызы


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары