Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Алланың көркем есімдері - الغنيّ мұқтажсыз
20 қыркүйек, 2014 жыл 546 Басып шығару нұсқасы

1672013-114535PM-1Құдіреті күшті Алла Тағала бұл әлемді өз құдіретімен жаратты және бұл әлемге көркем зандылықты қойды. Әрбір жаратылыс Алла Тағаланың өлшеп берген шеңберінен асып ешқайда шыға алмайтыны анық. Бұл сөзімізге Алла Тағаланың Аспан әлеміндегі барлық денелер өз өсінде жаңлыспай айналып тұруы үлкен дәлел.


Ал, Рахман Тағала құранда: «إِنَّ اللَّهَ يُمْسِكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ أَنْ تَزُولَا ۚ – Расында Алла Тағала көктер мен жерді бұлжытпай ұстайды»- делінген. Аспан әлемінде адамзатқа белгілі де белгісіз болған алып планеталардың барлығыда Алла Тағаланың өлшеп қойған тізбегінен шықпай, әрбірі өз жолымен жүреді. Жаратушы Иеміз күнімізді жарық етіп тұрған күн мен түнімізді нұрлы етіп тұрған айды да белгілі орынға қойды. Бұл алып денелер берілген мезеттен ауыспайды және бір-бірінен озып та кетпейді.


Рахман Тағала Ясин сүресінің 38, 39, 40 аяттарында былай деп баяндайды: «Сондай-ақ күн белгіленген көлемде жүреді. Міне осы аса үстем, әр нәрсені білуші Алланың өлшеуі. Тағы айды орындарына өлшеп қойдық. Ескі құрманың қураған бұтағындай болғанға дейін. Күннің айға жетуі мүмкін емес, және түнде күндізден ілгерілемейді. Әрбірі көкте жүзеді» дейді. Сонымен қатар шамамен секундына 30 км. жылдамдықпен жүріп жатқан жер күн жүйесіне жақындап немесе алыстап кетпейді. Тағы да жыл айналымындағы уақытынан қалып не озып кетпейді. Жердің де осы айналымындағы құбылысы Алла Тағалаға деген мұқтаждықтан деп айтуға болады. Егер Рахман жерден басқаруын алар болса, жер құрдымға кетері анық. Ал осындай жылдамдықта айналып жатқан жерде барлық жаратылыс болмысындағы өзіне қажетті өзгеру кезеңдерін сақтап тұруы да Жаратушының шексіз құдіреті мен байланыстыруға болады. Тіптен адам баласы өз кезеңінен тым ерте ұлғаю кезеңіне түссе ол прогерия (жас адамның ерте әрі тез уақытта қартаюы) ауыруына шалдығады. Егер жасы ұлғайған адамның бет-бейнесі бала кейіпінде және бойының аласа күйінде қалып қою жағдайы туындаса бұл да аталмыш ауруға шалдыққан болады. Адам баласы мұндай жағдайда да Алла Тағаланың алдында тәуелді және мұқтаж екені белгілі болады.


Қасиетті Құран аятында: «لِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الأرْضِ - Көктердегі және жердегі нәрселер Алланың құзырында» -деп айтылған. Және Құран аятында :« يَا أَيُّهَا النَّاسُ أَنْتُمُ الْفُقَرَاءُ إِلَى اللَّهِ ۖ وَاللَّهُ هُوَ الْغَنِيُّ الْحَمِيدُ - Әй адам баласы! Аллаға мұқтажсыңдар. Алла Ол, әр нәрседен мұқтажсыз, өте мақтаулы» яғни, Алла Тағаладан өзгенің бойында болған жәйт ол мұқтаждықтың белгісі. Һақ Тағала жаратқан құлдарына зұлымдық етпейді. Әйткенде пенде өз-өзіне зұлымдық етеді. Оның себебі пенде Алланың ұлықтылығын ұмытып өзінде болған болмыш іске сүйенуі жайында Құран Кітапта: « وَمَا ظَلَمَهُمُ اللَّهُ وَلَـٰكِن كَانُوا أَنفُسَهُمْ يَظْلِمُونَ - Сондай-ақ Алла оларға зұлымдық қылмады. Бірақ олар, өздеріне зұлымдық қылған еді» - деп айтылған. Қоғамда білек күшіне сенген күштілер мен әлжуаз әлсіздер болады. Күштілері өздерін басқалармен салыстырамын деп өздерін Жаратқан Жаббармен теңестіруге тарысады. Мысалы, өздерін күштіміз, Алладан жоғарымыз деп санаған Ғад қауымының әрекетін Алла Тағала Құранда былай баяндайды: « فَأَمَّا عَادٌ فَاسْتَكْبَرُوا فى الْأَرْضِ بِغير الْحَقِّ وَقَالُوا مَنْ أَشَدُّ مِنَّا قُوَّةً أَوَلم يَرَوْا أَنَّ الله الَّذِي خَلَقَهُمْ هُوَ أَشَدُّ مِنْهُمْ قُوَّة وَكَانُوا بِآيَاتِنَا يَجْحَدُونَ , فَأَرْسَلْنَا عَلَيْهِمْ رِيحًا صَرْصَرًا فِي أَيَّامٍ نَّحِسَاتٍ لِّنُذِيقَهُمْ عَذَابَ الْخِزْيِ فى الْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَلَعَذَاب الْآخِرَةِ أَخْزَىٰ وَهُمْ لَا يُنصَرُونَ. - Сонда Ғад елі жер жүзінде орынсыз өздерін жоғары санап: "Бізден артық күшті кім бар?", - деген еді. Олар өздерін жаратқан Алланың олардан гөрі


күштірек екендігін білмеді ме? Олар, аяттарымызға қарсы келді. Оларға дүниеде қорлық азабын тарттыруымыз үшін өздеріне сәтсіз күндерде суық дауыл жібердік. Әрине ақырет азабы одан да сорлаушы. Оларға көмек етілмейді» - деп баяндалған.


Тағы сол секілді бай-бағландар өздерін басқалармен салыстыруда шеттен шығып, өздерін Жаратқанмен салыстырып күпірлік танытты. Алла Тағала олар жайында Құранда былай баяндайды « لَّقَدْ سَمِعَ اللَّهُ قَوْلَ الَّذِينَ قَالُوا إِنَّ اللَّهَ فَقِيرٌ وَنَحْنُ أَغْنِيَاءُ سَنَكْتُبُ مَا قَالُوا وَقَتْلَهُمُ الْأَنبِيَاءَ بِغَيْرِ حَقٍّ وَنَقُولُ ذُوقُوا عَذَابَ الْحَرِيقِ - Әрине олардың: «Алла кедей, біз баймыз» деген сөздерін Алла естіді. Олардың айтқандарын және жазықсыз Пайғамбарларды өлтіргендерін жазамыз да, оларға: «Күйдіруші азапты татыңдар!», - дейміз» дейді. Алла Тағала Пайғамбарды елші етіп жібергенде, Пайғамбарға мекке мүшріктері қарсы келіп, өздерін үстем санады. Алла Тағала сүйікті Пайғамбарына өзінің ұлықтылығы мен құдіретін баяндайтын аяттарды нәзіл етті. Сондай аяттардың бірі Алла Тағала « قُل أَرَأَيْتُمْ إِنْ أَصْبَحَ مَاؤُكُمْ غَوْرًا فَمَن يَأْتِيكُم بِمَاءٍ مَّعِينٍ -Оларға: "Көрдіңдер ме? Егер суларың құрып кетсе, сендерге, бір аққан суды кім келтіреді? - дегенде, Расул Алла (с.а.с.) осы аятты меккеде оқып, барлығына естіртеді сонда мүшріктердің бірі орнынан тұрып: Ей Мұхаммед Раббыңа айт суын алса ала берсін, біз өзімізге құдық қазып аламыз дейді. Сол сәтте-ақ оның екі көзі ағып түседі. Өздерін мықтымыз деп санап өз Жаратушысын ұмыт қалдырулары олардың өз-өздеріне жасаған зұлымдықтары еді.


Құрметті жамағат! Өздеріңізге осы мақаламыз арқылы айтпақ ойымыз біз пенделер мен күллі жаратылыс Алла Тағалаға ғана мұқтажбыз. Ал, Жаратқан Иеміз – мұң-мұқтажсыз. Қасиетті Құранда баяндалғандай: « وَاللَّهُ هُوَ الْغَنِيُّ الْحَمِيدُ - Алла Ол, әр нәрседен мұқтажсыз, өте мақтаулы.»


Қарағанды облыстық орталық мешіттің ұстазы: Нұрбол Тағаев





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары