Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Айлакерлер бізден емес
30 қыркүйек, 2014 жыл 198 Басып шығару нұсқасы

1343819410-403Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) өз сахабаларымен бірге базар аралап жүріп бара жатып бидай сатып тұрған бір кісіге назары ауады. Оның қасына келіп, бидайға қолын салып көргенде оның ылғал екенін байқайды. Саудагер көз бояу үшін оның бет жағына құрғақтарын салып қойған екен.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) одан: “Әй, зат иесі, мына бидайың неге ылғал?” - деп сұрайды.
Сонда ол: “Ия, Алланың елшісі, жауын жауғаннан ылғалданып қалған ғой,” - дейді қуыстана. Пайғамбарымыз (с.а.с.): “Ендеше адамдардың байқауы үшін оны көрсетіп қоймасың ба?” - дейді.
Қулығы әшкере болған саудагер ештеңе дей алмайды. Сонда Алланың елшісі (с.а.с.): “Бізді алдаушылар бізден (мұсылмандардан) емес,” - дейді.
Қ. Садыбаев





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары