Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Құмырсқаның азығы
16 қазан, 2014 жыл 299 Басып шығару нұсқасы
55Былай хикая етілді:

-          Сүлеймен алейһиссалам бір құмырсқадан былай сұрады:


-          Бір жылда сенің жейтін азығың қаншама?


Құмырсқа былай деді:


-          Бір жылда жейтінім бір бидайдың дәні.


Сүлеймен алейһиссалам сол құмырсқаны бір қыш құмыраның ішіне қойды,  қасына бір бидайдың дәнін тастады да құмыраның аузын бекітті. Арада бір жыл өткеннен соң құмыраның аузын ашты: Қараса әлгі құмырсқа бидайдың дәнінің жартысын ғана жеген екен!


Сүлеймен алейһиссалам құмырсқадан сұрады:


-          Мына бидайдың жартысын неге жемедің?


Құмырсқа былай деді:


-           Бұдан бұрын Ұлы Аллаға  тәуекел ететін  едім, жылдық рызығымды  ұмытпайды. Бірақ мына құмыраның  ішінде саған сенген соң мына  бидайдың  дәнінің жартысын жедім. Егер мені ұмытқаныңда, келер жылы қалғанын жейтін едім.


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары