Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сенделткен силикондар  
11 қараша, 2014 жыл 267 Басып шығару нұсқасы
breast_implants  Жаңа технологиялар қарыштап дамыған сайын адам баласы алға ұмтыла түсуде. Бұл ұмтылыс барлық саладан көрініс тауып келеді. Соның бір дәлелі  пластикалық хирургияға жүгінетіндер санының артуы. Қазір кез-келген қаракөз қалтасында қаражаты болса қалаған уақытында сырт келбетін өзгерте алады. Олардың саны бүгінде қанша миллионды құрайтыны беймәлім. Ең қиыны бұл көрсеткіш жыл санап Қазақстанда да арта түсуде.

Ал осы пластикалық оталардың салдары жөнінде жер көктегі бұқаралық ақпарат құралдары жазуда. Ерінді, кеудені үлкейтетін силикондардың жеме-жемге келгенде нендей заттан жасалатыны, құрамы неден тұратыны көпшілікке құпия. Ал көз, мұрын пішінін өзгерткенде абайсыз артық қылам деп тыртық қылып жатқандар қаншама.

Әр адамның сұлулық туралы өзіндік пікірі, өзіндік көзқарасы бар. Теледидар мен түрлі шоулардан «сұлу жұлдыздарды» көріп алып, солардың ізімен ота жасатып соларға ұқсағысы келіп адасып жүргендер аз емес. Елімізде  қанша жетім-жесірдің материалдық көмекке мұқтаж екенін, сырқат баласының ем-домына ақша жинай алмай жүрген ата-аналар қанша десеңізші. Ал сән үшін сенделгендердің бұл ісін атамыз қазақ «тойынғандық» деуші еді.

Біздің тәніміз бен денсаулығымыз – Жаратушыдан уақытша қолдану үшін алған сыйымыз. Сәйкесінше өміріміздің соңында Алла сыйға берген тәніміз үшін де жауап беретініміз хақ. Ислам ағзаға зиян келтіретін қандайда бір істерге үзілді-кесілді тыйым салған.       Алла берген дене бітімін өзгерту – Исламда үлкен күнәлардың бірі саналады. Ал қандайда бір жол апатына ұшырап құлағынан айырылу, мұрыны сыну сияқты жағдайларда ота жасауға рұқсат етіледі. Ал Алла тағала берген  сап-сау дене бітіміне көңілі толмай сән үшін ота жасатудың соңы жақсылық емес.

Ақыл, мейірімділік, Алладан қорқу – адамның сырт бітіміне байланысты қасиеттер емес. Егер адам әдемі болмаған күннің өзінде, рухани бай болса елдің бәрі оны құрмет тұтатын болады.

Себебі Алла бізді қалай жаратса, демек сол сырт келбеттің бізге қайырлы болғаны.  Ол Алланың қалауы. Қанша жерден ақылды болсақ та бізге ненің қайырлы, ненің қайырсыз бір Алладан басқа ешкім білмейді.

Сырт келбетін өзгерткен адам шайтанның қызметшісі. Бұдан асқан ауыр күнә бола ма? Өз қалауымыздың соңында жүріп өлім туралы да ұмытып кеттік. Алла тыйым салғаннан аттап бұл дүниеде де, ана дүниеде де бақытты болмайтынымыз анық.

Тәнімізіге силикон салып, салдары күмәнді, соңы өкінішті іске бой ұрғанша жан сұлулығына назар аударғанымыз жөн-ау.

Материал  islamdag.ru сайтынан қазақшаға  аударылды

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары