Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жәннат мекендеушілері қай тілде сөйлеседі?
06 мамыр, 2021 жыл 1177 Басып шығару нұсқасы
Қазіргі таңда дүниежүзі халқы 7 мыңға жуық тілде сөйлеседі.  Мұндай сандар, әрине, көптігімен таңқалдырады. Алайда ана дүниедегі жағдай қалай болмақ?  Жәннат мекендаушілері қай тілде сөйлеседі? Ол жақта тіл мүлдем керек болмай қала ма?
Жұмақта адамдар қай тілде сөйлеседі?

Сұрақ:

Жұмақтағы сөйлесу тілі араб тілі болады деген рас па?

Жауап:

1) Біздің мырзамыз Әнас ибн Мәлік (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізеді:

«Жұмақты мекен етушілер Жұмаққа Адам Атадай (Алланың оған сәлемі болсын) болып бойшаң (ұзын) болып кіреді, Мұхаммедтің тілінде сөйлеп (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) (кіреді)».

2) Біздің мырзамыз Абдулла ибн Аббас (Алла ол екеуіне де разы болсын) былай дейді:

«Жұмақты мекендеушілердің тілі – араб тілі».

3) Ибн Шихаб әз-Зухри (Алла оны рақым етсін) былай дейді:

«Жұмақты мекендеушілердің тілі – араб тілі».

(Қараңыз: «Сыфат әл-Джанна» Ибн Әбид Дуня, хадис №212-216; «Хадил-Аруах» Ибн Каййима әл-Жәузийя, 218-бет; «Әл-Бидая уән-нихая», 17-том, 349 және 522-беттер; «Әл-Будурус-сафира», 416-418-беттер).

4) Суфян әс-Сауридің (Алла оны рақым етсін) былай деп айтқаны жеткізіледі:

«Кімде-кім Жұмаққа кірсе, ол араб тілінде сөйлейтін болады».

(Қараңыз: Ибн Аби Хатимнің «Тәпсірі»; Ибн Касирдің «Тәпсірі»; 26-сүре, 195-аят)

Жоғарыда келтірілген риуаяттар бір-бірін қуаттайды. Ал Алла Тағала ең дұрысын Білуші.

Мәулана Мұхаммед Абасумар тексерген.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары