Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ұлықпан ұлына нені өсиет етті?
02 желтоқсан, 2014 жыл 460 Басып шығару нұсқасы

-K14F2YJVgwҰлықпан ұзақ уақытқа сапарға  аттанарында  ұлына үш түрлі өсиет қалдырады:
– Әйеліңе сырыңды айтпа, жаңа байығаннан қарыз алма, әкімнің нөкерімен дос болма, – дейді.


Баласы әкесінің айтқандарын тексеріп көргісі келді. Сосын, бір қойды сойып, етін қапқа салып, қанын сорғалатып  үйіне алып келеді. Әйелі:
– Бұл не? – деп сұрады. Ері:
– Түзде бір кісімен ерегісіп, байқамай өлтіріп алдым. Қаптағы соның денесі. Қораға көмейік, сен ешкімге айтпа, – дейді. Ертесіне жаңа байыған танысынан әдейі барып  қарыз алды. Арғы күні әкімнің Дәруһа  атты нөкерін қонаққа шақырып, онымен дос болады. Бір күн отбасында  үлкен  жанжал туады. Ұрысқа себепкер қаптағы "өлік" болады.  Әйелі бұл жағдайға  шыдамай алмай, үйінен біржола кетіп қалады. Әйелі үйден шыға бере:


– Құдайыңды ұмытайын деген екенсің. Қылмысыңды әшкерелеп, дарға тартқызам, – деді. Әйелі сол заматта ханға барып:
– Менің күйеуім адам өлтірді. Денесі қорада көмулі жатыр. «Айтсаң өлтірем» деп мені қорқытты, – деп, күйеуінің " ешікмге айтпа"  дегенін әшкере қылады.  Хан нөкерлеріне:
– Қылмыскерді кім әкеледі? – деді. Сол кезде патшаға жағымпазданған Дәруһа:
– Тақсыр, рұқсат болса мен жеткізейін. Өткенде оның үйінде қонақта болғанмын. Түрі сол кезде маған ұнамаған. Бұйырсаңыз, алдыңызға сүйреп әкелемін, – деді.
– Жеткіз! – деп бұйырды патша. Жандайшап нөкері тілге келместен, досын жығып салып, қол-аяғын байлап, атқа  өңгеріп алырп келеді. Досы:
– Дәруһа досым. Бір күн ас бергенге қырық күн сәлем деген. Үйімде талай отырып, ас жеп едің. Қолыма арқан батты, босат. Өз аяғыммен барайын, – деді. Дәруһа көнбеді. Жолда жаңа байыған танысы кездесті. Досының істі болғанын көріп, «Қап, қарызым қайтпайтын болды-ау» деп жаны қалмады. Хәл сұрамастан:
– Досым, қарызымды қайтар, – деп жабыса кетті. Досы:
– Бауырым, тұра тұрсаңшы. Басыма іс түсті. Құтылсам, қарызыңды қайтарамын, – десе де, ол ізінен қалмай, сарайға  дейін еріп келді.
Хан:
– Қарағым, бұл не масқара? Сені ел «Ұлықпанның ұлы» деп айтады. Ата даңқыңа дақ түсірдің, – деді.


Хан алдында тұрған ұлы:
– Әкем үш түрлі өсиет айтты. Соның растығын тексермек болдым. Әйелімді алдап, қораға қой көмдім. Мұқтаждығым болмаса да, жаңа байығаннан қарыз алдым. Достарым көп болса да, сіздің нөкеріңізбен жолдас болдым. Арты осыған әкеп соқты, – деді. Хан қораны тексертті. Расында да қораға қой көміліпті. Хан оған риза болып, баланы босатқан екен.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары