
Ертеде бір ел билеген әкім болыпты. Ол әкімнің үнемі айналасындағыларға тисіп, кекететін әдеті болыпты. Сәл ұнамай қалған нәрсесіне ызалануы да ерекше қатты болатын. Бір күні қызметшілерінің біреуі алыстан келіп үсті-басы шаң болса да, әкімнің алдына шығады. Әкім:
– Түріне қарашы! Қайдан келе жатырсың соншама? – деп сұрайды.
– Тозақтан келе жатырмын.
–Тозаққа не үшін бардың?
– От керек болды да, сол жерде көп деп барған едім.
– Енді алдың ба керегіңді?
– Жоқ, ала алмадым. Жаһаннам күзетушілерінен сұрасам, олар “ойлағаныңыздай бұл жерде от жоқ.әркім отты дүниеден өзімен бірге алып келеді” дейді.
Пікірлер