Адам дұға жасауға 10 минутын көп көреді, бірақ бір кино немесе футбол ойнын қарауға 1,5 сағаттың өзі аз сияқты көрінеді...
Адам біреуден естіген өсекке тез сеніп қалады, бірақ туралығы күмән келтірмейтін кей нәрсені мойындагысы келмейді..
Адам бір сағатын ғибадат жасап мешітте өткізсе,ол уақыт тоқтап қалғандай болады, бірақ теледидар не компьютер алдында қанша сағат отырса да уақыттың зымырағанын сезбейді....
Адам ғибадат жасаған кезде дүниелік нәрселерді көп ойлайды, бірақ дүниелік іспен айналысып жүргенде Алла туралы еш ойламайды....
Адам концертке барса ең алдыңғы қатарға отыруға оырысады, бірақ мешітте намаздан кейін тез шығып кетейін деп,ең соңына отыруға тырысады....
Адам бір аят немесе хадис жаттауға қиын дейді, бірақ үздік 10 әншінің өлеңдерін жатқа біледі....
Адам діни әңгімені тыңдауға, айтуға қызықпайды, бірақ өсекті тыңдап, басқаға айтудан ешқашан жалықпайды......
Адам Жәннатқа баруды армандайды, бірақ ол үшін еш нәрсе жастағысы келмейді....
Адам бір күні шіріп кететін денесін жақсы формада сақтау үшін не жегенін қадағалап жүреді, бірақ ешқашан шірімейтін рухына еш күтім жасамайды....
Жоғарыда айтылған пікірлерге оң көзқараспен қарап, күнделікті күйбең тіршілігімізде көрініс тапқан олқылықтардың орнын пайдалы істермен толтыра жүрейік бауырлар!
Сайтқа даындаған:М.Қуандыққызы
Пікірлер