Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Тәубеге келу
22 желтоқсан, 2014 жыл 3632 Басып шығару нұсқасы
rv7vwU8kYygКүнәлі іс жасап қойғанда тәубеге келу әр мұсылманның міндеті. Алла Тағала Құранда: «Алла алдында шынайы тәубе етіңдер»-дейді.

Күнәһардың екі түрі болады: бірі мұсылман, бірі мұсылман емес. Мұсылман емес күнәһар - Аллаға, Оның Пайғамбарына сенбейтін адам. Бұлар туралы: «Жаратушы Алланың бұйырғанына бойұсынбай, жолдан тайғандар»-делінеді. Ал, күнәһар мұсылман Аллаға, Пайғамбарға дінге сенетін, бірақ біле тұра тыйым салынғандардан бас тартпайтын адам. Мысал үшін ішімдік ішу, т.б. Күнәнің де екі түрі болады: біріншісі – адамның ішкі қалауы және бұның кешірілуі мүмкін.  Екіншісі – бұның негізі тәкәппарлық және бұл жағдайда оның кешірілуі күтілмейді.

Мұсылман күнәһар мен мұсылман емес күнәһардың айырмашылығы қандай? Мұсылман емес күнәһар тек шынайы түрде Алладан басқа тәңір жоқ екеніне, Мұхаммед оның елшісі екеніне куәлік етіп, өмірінің соңына дейін тәубе етпесе күнәсінің кешірілуіне үміт жоқ.  Ал мұсылман күнәһардың тәубеге келу арқылы күнәларының кешірілуіне үміт бар. Бұл туралы Құранда: «Алла олардың жаман істерін жақсы істерге ауыстырады»-делінген. Демек күнә орнына кешірім болмақ. Алла елшісі бір хадисінде: «Тәубе етушілер күнәсіздермен тең болады»-дейді. Демек шынайы тәубе ету күнә жасамағанға теңеледі.

Бізге бағзыдан мынадай бір оқиға жеткен. Әлдебір адам өзінің күнәларын бір кітапқа жазып отырыпты. Кезекті күнәсін жазбақшы болып кітабын ашқанда  Алланың мына сөздерінен басқа ештеңе таппапты: «Бұл Алла жаман істерін жақсыға ауыстыратын адамдар»-делінген екен.

Сондай-ақ бірде Умар ибн аль-Хаттаб (Алланың оған рақымы мен шапғаты болсын) Медине көшелерінің бірінде кетіп бара жатып киіміне шарап тығып алған жасөспірімді кездестіреді. Сонда: «Киіміңнің астына не тығып әкетіп бара жатырсың?- деп сұрайды. Әлгі бала ұялып, әрі қорқып, Алладан енді мүлде ішімдік ішпейтініне уәде етіп, өзін халиф Умардың алдында ұятқа қалдырмауды сұрайды.  Содан кейін: «О мұсылмандардың әміршісі! Менің әкетіп бара жатқаным уксус»-дейді. Умар: «Маған көрсет»-дейді. Жасөспірім алып шыққанда әлгі шарап емес, шынында уксус болып шыққан екен. Бұл қалай болды? Демек жасөспірімнің тәубесінің шынайы болғандығы. Алла оның шарабын уксусқа ауыстырып күнәсін кешірген.

Өз күнәсіне өкініп, тәубесіне түскендерді Алла әркез кешіреді. Алла бәрімізге шынайы иманды нәсіп етіп, әрдайым тәубемізді ұмытпауға жазсын! Күнә жасамауға тырысайық, пенделікпен күнә жасап қойсақ тәубемізге түсейік.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары