Әбу Ханифа есiмдi ғалым әдiлдiктен, турашылдықтан ешқашан таймаған екен.
Бiр күнi бiр әйел оған сату үшiн бiр жiбек көйлек әкеледi. Әбу Ханифаға көйлектi жүз теңгеге сататынын айтады.
Әбу Ханифа:
- Мұның құны жүз теңгеден көп. Қаншаға беретiнiңiздi айтыңыз, - дейдi.
Әйел жүз-жүзден қоса отырып, бағасын төрт жүз теңгеге жеткiзедi.
Әбу Ханифа:
- Бұл әлi де аз, - дегенде, әйел:
- Сiз менiмен қалжыңдасып тұрсыз ба? - деп ашу шақырады.
Әбу Ханифа:
- Жоқ, қалжың емес, шыным. Бiр адам әкелiп, бағасын қойғызайық, - дейдi. Бiр адамды ертiп келедi де, бағасын қойғызады.
Сөйтiп, Әбу Ханифа көйлектi бес жүз теңгеге сатып алады.
Осылайша, ол өзi сатып алушы бола тұра, сатушының қамын ойлап, әдiлеттiлiктiң әдемi үлгiсiн көрсетедi.
Материал в контакте желісінен алынды
Пікірлер