Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Атаңа не істесең алдыңа сол келер
08 қаңтар, 2015 жыл 286 Басып шығару нұсқасы

0TRMvQmGOOsБiр кiсi қартайып, көзi көруден, құлағы естуден, аяғы жүруден қалыпты. Дастарқан басында қолы қалтырап, тамақты төгiп-шашып iшiп, ыдыстарды сындырып қоя беретiн болыпты. Бұған баласы мен келiнi ызаланып, оны дастарқан басына отырғызбай, пеш түбiндегi қуысқа орналастырып, қолына ағаш тостақ ұстатып қойыпты. Қария дастарқанға жанары суланып, мұңая қарап отырып, ағаш тостақтағы тамағын жейдi екен.
Бiр күнi олардың төрт жасар ұлы үйге ағаш алып кеп, пышақпен жона бастайды. Әкесi:
- Мұны қайтесiң, ұлым? - деп сұрайды.
- Ағаш тостақ жасаймын, әке. Қартайғанда сiз де осы тостақтан тамақ жейтiн боласыз.
Ұлының мына сөзiнен соң, әкесi мен шешесi көздерiне жас толып, жасаған iстерiне қатты ұялады. Атайды қайтадан дастарқан басына отырғызып, ешбiр қылығына қабақ шытпайтын болыпты.


Сайтқа дайындаған: Серікжан Күнту

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары