Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Намаз оқудың пайдасы
16 қаңтар, 2015 жыл 594 Басып шығару нұсқасы

Джағфа бин Мұхаммад (р.а.) риуаят еткен хадисте «Хазреті Пайғмбарымыз (с.ғ.с) айтты:
1.Намаз - Алла Тағала разы болатын құлшылық.
2. Намаз - Періштелердің жақсы көретін амалы.
3. Намаз - Пайғамбарлардың с.ғ.с сүннеті.
4. Намаз - иманның асылы.
5. Намаз - дұғаның қабыл болуына себепкер.
6. Намаз- барлық игі істердің қабыл болуына себепкер.
7. Намаз - ризық- несібенің берекесі.
8. Намаз - бастаған игі іс әрекетіңіздің берекесі.
9. Намаз дұшпандардан қорған болады.
10. Намаз - Шайтан лағнеттің ең жек көретін амалы.
11. Намаз өлім періштесі келген сәтте өз иесіне шапағат етеді.
12. Намаз қабірді нұрландырады.
13. Намаз қабірде жамбасыңа мамық төсеніш болады.
14. Намаз - қабірде Мүнкір, Нәкір сұрақ қойғанда жауап берер көмекші.
15. Намаз қияметке дейін тар қабірді кеңейтеді.
16. Намаз қиямет күні төбеңізден көлеңке болады.
17. Намаз қиямет күні басыңызға тәж болып киіледі.
18. Намаз қиямет күні үстіңізге киім болып жабылады.
19. Намаз қиямет күні алдыңызда нұр болып жол көрсетеді.
20. Намаз - тозақ отынан қалқан.
21. Намаз - мұсылмандар үшін құжат.
22. Намаз - таразыда ең ауыр болатын амал.
23. Намаз қылкөпірден, найзағай жарқылындай өткізеді.
24. Намаз - кешірім нұры.
25. Намаз - жаннаттың кілті.
Себебі, намаз Алла тағаланы пәктейтін, ұлықтайтын, мадақтайтын таза құлшылық. Шындығында амалдардың ең ұлысы уақытында оқылған намаз» деген екен.
Арабшадан аударған:
Балқаш теміржолшылары мешітінің бас имамы
Әлімқұл Медет қажы Құралұлы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары