Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Дұғаның қабыл болуы
20 қаңтар, 2015 жыл 207 Басып шығару нұсқасы

   str-4Бірде мүшріктердің айтақтауымен Омар (р.а.) Пайғамбарымызды (с.а.с.) өлтіруге кетіп бара жатты. Жолай алдынан Нуайм кездесті. – Уа, Омар, түрің сұсты ғой, қайда тарттың? – деп сұрайды. – Мұхаммедті өлтіріп тастауға бара жатырмын! – деген жауаптан соң оны тоқтатудың амалын ойлайды. Нуаймның өзі де мұсылмандықты қабылдаған болатын, бірақ Омар бұдан бейхабар еді. Сол себепті не де болса оның бетін қайтарғанды жөн көріп: – Сен одан да алдымен өз қарындасың мен күйеу балаңды тыйып алсаңшы. Олар да пұттардан бас тартыпты ғой, – дейді. Бұны естігенде Омар Нуаймға ләм-мим деместен бұрылды да, тіке қарындасының үйіне тартты. Омар келгенде, күйеу баласы мен қарындасы Құран оқып отырған болатын. Босағадан аттай берген Омарды көріп апыр-топыр қағаздарды жинай бастады. Омар кіріп келіп, дүрсе қоя бергенде, олар: «Иә, біз Ислам дінін қабылдадық. Не істесең де көріп алдық», – деді тайсалмай. Бұны естігенде күйеу баласының жағасына жармасты. Араға түскен қарындасын да ашумен бір ұрды. Қарындасының жылағанын көргенде барып, аяушылығы оянды. Әрі олардың табандылығы да таңырқатты. Сөйтті де кешірім сұрап, әуесқойлықпен тыққан жазудың не екенін өзінің де оқығысы келетінін білдірді. Қарындасы әуелі жуынуы керектігін ескертті. Омар жуынып келіп, аят жазылған қолына алып оқи бастады. Оқыған сайын көңілі нұрланып, бойын ғажап бір күй биледі. Аяттардағы терең мағынаны байқады. Бір уақытта: – Расында, бұл – Жаратушының сөзі. Мұхаммедтің өзі қайда қазір? – деп сұрады. Қарындасы Әрқамның үйінде екенін айтты. Омар атып тұрып шығып кетті. Сол бетімен Әрқамның (р.а.) үйіне келіп, Ислам дінін қабылдады. Бұған сол жердегі мұсылмандар қатты қуанып, «Кешегі дұға қабыл болды» десті, өйткені бір күн бұрын Пайғамбарымыз (с.а.с.) дұғасында «Уа, раббым! Исламды Хаттабұлы Омармен не Әбу Жәһилмен күшейтші» деп тілеген еді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары