Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Өз-өзіне сенімділік – Ислам тұрғысынан үкімі қандай?  
23 қаңтар, 2015 жыл 2077 Басып шығару нұсқасы
 

71b7b0997a6e1cf28343acc1201d8380Сұрақ: Адамның өз-өзіне, білімі мен қабілетіне сенімді болуы Ислам тұрғысынан қалай бағаланады? Күнә әлде жақсылық?


Өз-өзіне сенімділік – бұл қандай да бір істі орындау мүмкіндігі немесе қандай да бір шешім қабылдауда сенімді болу және сол шешімді орындай алу қабілеті. Өз-өзіне сенімділік тәкаппарлықпен еш байланысты емес. Алла Тағала Құранда: «Шешім қабылдағанда Аллаға тәуекел ет, Аллаға үміт ет, Алла бір өзіне сеніп, тәуекел ететіндерді жақсы көреді»-делінген. Демек біз өз-өзімізге сенімді болуымыз керек. Бірақ бұл кезде де, бізді басқалардан ерекшелейтін осы қасиеттерді Алла бергенін ұмытпағанымыз абзал. Бұндай қабілеттерімізді Алла Тағала тыйым салған істерге емес, тек жақсылық жасауға пайдалануымыз міндет. Иә, біз өз-өзімізге сенімді болуымыз керек. Себебі біз Аллаға тәуекел етеміз, сенеміз, Оның бізге жар болатынына үміттенеміз. Сол себепті де адамдарға көмектесеміз, Аллаға құлшылық етеміз.


Яғни, Алла берген қасиет пен қабілеттерімізді жоққа да шығармауымыз қажет және «Алланың бергені емес, өзімнің ерекшелігім, өзім істедім, өзімнің арқам» деген сөздерден аулақ болғанымыз жөн. Қанша жерден мықты болып, өз-өзімізге сенімді болсақ та әрдайым Аллаға тәуекел еткенде ғана жетістікке жете аламыз. Кез-келген істе Аллаға тәуекел етіп, оны адалдықпен, адамгершілікпен атқарғанда жетістікке жетпеуге себеп қалмайды (әрине Алланың қалауына қарай). Біздің әр істе негізгі ұстанымымыз мынадай болуы керек: «Адалдық, адамгершілік және қолдан келген жақсылықты жасау – бізден, ал жетістік – Алладан». Міне осы кезде ғана бізге әр нәрсенің қайырлы болары сөзсіз.


Әмина Омарова


Қарағанды облыстық орталық мешіті



Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары