Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Тәкаппарлық - адамға лайық іс емес!
27 қаңтар, 2015 жыл 1265 Басып шығару нұсқасы

     135289908858Бір  әулие  кісі көпірден  өтіп  келе  жатып, алдынан итті кезіктірген  екен. Көпір бір ғана  адам  өте  алатындай  көлемде  болады. Әулие  адам:  «Әй  ит! Сен  жат, мен  сенің  үстіңнен  өтейін»- дейді. Сонда әлгі  итке  Алланың  құдіретімен  тіл  бітіп: «Жоқ  сен  жат,  мен  сенің  үстіңнен  өтейін»-депті. Әулие адам: «Мен  жол  жүріп  келемін, сен  менің  үстімнен  өткенде, сілекейің ағып  киіміме  тисе оны жуу  керек  болады. Сосын  менің  кір киімді тазалайтындай мүмкіндігім  жоқ»-деп  жағдайын  түсіндіреді. Сонда  әлгі  ит: «Сен  менің  үстімнен  өтіп бара жатқанда, сенің  ойыңа: «Мен адаммын! Бұл ит! Мен сондықтан  бұның  үстінен  өтіп  барамын»- деген  ой келе ме?»-деп  қорқамын. Егер мен айтқандай  болса,  жүрегіңе  тәкаппарлық орнап, бір  дақ пайда  болады, жүрекке біткен  дақты  сумен  жуып  кетіре алмайсың! Ал  менің  сілекейім киіміңе  тисе,  оны  сумен  жуып  тазарта  аласың!»-деп  жауап  берген  екен.


    Біздің  бұл  оқиғадан  алар  өнегеміз, әрқашан тәкаппарлық  «дағы»  жүрегімізге түсуден сақтануымыз  қажет. Тәкаппарлық  жүрекке  дақ  салатын жаман қасиеттердің  бірі.


Тәкаппарлық - адам  өзін  өзгелерден  жоғары  санау. Ібілістің  жәннаттан  қуылуына  да себеп  болған  осы  тәкаппарлық  болатын. Пайғамбарымыз(с.ғ.с.): «Кімнің жүрегінде  шаңның  тозаңындай тәкаппарлық  болса,  ол  жәннаттің  иісін де  сезе алмайды»-деген.  Сондықтан  мұсылман  адам өзін осындай теріс қасиеттерден  аулақ  ұстау  қажет. Дана халқымыз: «Ұлық болсаң  кішік  бол»-деп, атақ-даңқың айға жетіп тұрса да,  тәкаппарлықтан  алыс болуға  шақырады. Алла баршамызды  тәкаппарлықтан сақтағай!


 Абай ауданының  наиб  имамы:  Смағұлов Жасұлан Манапұлы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары