Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Шүкірлік несібені арттырады
30 қаңтар, 2015 жыл 436 Басып шығару нұсқасы


         Алла Тағала бізге сансыз несібе берген. Өкінішке қарай біз осыны әр кез еске алудың, шүкірлік айтып отырудың орнына күпірлік танытамыз.  Басымызға қандайда бір қиындық түскенде Алла Тағалаға тіл тигізіп те жататынымыз шындық. Бірақ осы қиындықтардың бізге қандай қайыры бар екені туралы ойланбаймыз да. Бәрін күмәінсіз білетін Алла әр нәрсенің астарына бір мән жасырған. Сол себепті де әр нәрсенің  қайырын тілеуді үйренсек өзімізге қандай қайырлы, сауапты болар еді?


Әуелі мына сұраққа жауап беріп алайық. Адам кім? Ол Алланың құлы! Құлдың Жаратушысына наразылық танытар құқы жоқ. Әдетте бастықтың айтқанын екі етпей орындап жүргенде, Жаратушымыздың хақын неге дауға саламыз?


Бітпейтін күпірліктеріміз арқылы өз-өзімізді арандатып, небір жамандықты басымызға тілеп аламыз десеңізші? Бірақ осыны түсінбейміз ау, түсінбейміз. Себебі Алланың емес, шайттанның құлы болуға бейімбіз. Тағдырға шағым айту жақсылық емес. Алла адамның тағдырына риза болуы керектігін айтпады ма?


Шүкірлік шариғат талабы. Тіпті біз сұрай беретін материалдық игіліктер де бізге сынақ үшін берілетінін, оның да сұрауы бар екенін еске аламыз ба? Байлық сұраусыз келгенімен, сұраусыз байлық жоқ емес пе? Аузында, ниетіне шүкірлігі бар адамға Алланың нығметі де көп.


Шүкірлік -  мұсылмандықтың белгісі. Қиын сәттерде шүкірлік ету сол қиындықтан шығуға да сеп болады.


Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Қияметте: «Кез-келген жағдайда Аллаға шүкірлік еткендер тұрсын» делінеді», сонда бір топ адам тұрады, оларға жалау көтеріледі, олар сонымен Жұмаққа кіреді»-деген екен.


Күпірлік  - жамандық бастауы. Шайтанның бір құралы бұл. Оның мақсаты адамдарды тура жолдан тайдыру. Ібіліс: «Мен адамдарға алдынан да, артынан да, оңы мен солынан да келемін. Ал, олардың көпшілігін шүкірлік етпеген күйде көресің»-деген екен. Шайтанға еру арқылы адам баласыНЫҢ дүниелік істерге әуестігі артады, Алласын ұмытады.


Алла Тағала: «Кім Алланы есіне алмаса, оның өмірі қиын»-дейді. Шүкірлік етпеген жанда тыныштық болмайды. Шүкірлік, қанағат, сабырлылық пен иман жүрегіне сіңген адамдар жүректің тыныштығын таппақ. Алла Тағала: «Егер шүкірлік етсеңдер, несібелеріңді арттырамын. Ал шүкірлік етпесеңдер, сендерді жаза күтеді»-деген. Сондай-ақ: «Кім бұл дүниенің жақсылығын қаласа біз оны осы дүниеде береміз. Кім о дүниенің жақсылығын қаласа, біз оны о дүниеде береміз. Шүкірлік етушілерге сый бар»-дейді.


Әрдайым өзімізге берілген несібені есімізге алып, соған шүкірлік етіп жүрейікші. Өмірде қаншама адамның бізге берілген несібеге қолы жетпей жүргенін, біздің тоқ күнімізге зар болып, қандай қиындықта жүргенін ойлайықшы бір сәт. Сонда екі күндік жалған дүниені мәңгілік иемденбейтінімізді сезініп, Алланың сауабын алар едік.


Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары