Ғұмыры тақуалықпен өткен бір ақсақал: «Әй, балаларым! Әрбір амалдарыңды ойлап барып істеңдер! Алладан қорқуды ешқашан естен шығарып алмаңдар! Дүниауи шаруалардың шырмауында қалып, өлімді ұмытып кетпеңдер! Пендешілікке салынып, атақ-абырой үшін жүрудің керегі шамалы. Жас кезіңде діни біліміңді арттыр. Жас кезіңде ізгі амалдар, қайырымды істер жаса. Бір күні қартайғаныңда не аяқ асыты ауырып қалғаныңда, айналаңдағылар сені меңзеп, «Пәленше төсекке таңылыпты», «сырқаты қатты сияқты», «Дәрігер шақыртыпты» демей тұрып, ғапылдықтан ояныңдар! Дәрігер келгенмен, басын шайқап: «беті бері қарауы қиын» -дейді. Іле «сөйлеуден қалды», «таныс адамдармен тілдесе алмай жатыр», «көршілерін танымай жатыр» деседі. Бұл уақытта маңдайыңнан тер боршалап, жан қиналысың үдей түседі. Ажалдың келгенін мойындап, көзіңді бір нүктеге қадайсың. Тілің күрмеліп, айтарыңда іште қалып қоюы мүмкін. Одан қала берді жақындарың, «Мынау ұлың пәленше», «Мынау бауырың түгенше»-деп, айналаңда үйіріліп қарап тұрғандарды таныстырады. Бірақ бұл кезде көзің қарауытып, бар еркіңнен айырылып, оларға тіл қатуға дәрменің жетпейді. Артынша Алланың әмірімен о дүниелік боласың. Сол сәтте жақындарың жаназаңа дайындала бастайды. Сосын өлікті жуып, кебіндейді. Жерді қазып, бір-бір күрек топырақ тастап, тар орынға көмеді. Бұдан кейін, сенімен осы жалғанда пендешілікке барып араздасқандар құтылғанына қуанады. Балаларың дүниеңді бөліске салады. Сен тек осы өмірде істеген амалдарыңмен ғана оңаша қаласың"-деп өсиет еткен екен.
Сайтқа дайындаған: М.Шағырбаева
Пікірлер