Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Алла Тағаланы жақсы көремін!
04 ақпан, 2015 жыл 462 Басып шығару нұсқасы

фонБірде бір кісі  үнемі Алла Тағаланың есімін алақанына жазып алып жүреді екен. Қолындағы жазуын көрген жолдасы Таңырқап:  "Қолыңдағы не жазу? Не үшін жазып алғансың?" деп сұрапты. Сонда әлгі кісі: "Мен ұлы Алла Тағаланы жақсы көремін! Рабымның  адам баласына жасаған жақсылықтарының құрметіне, шексіз құдіретіне тәнті болып жүрегіме Оның есімін жаздым. Яғни, Жаратушы Ием жүрегімде жазулы. Сосын рақымы күшті Алла Тағаладан басқасын тіліме алмау үшін, Алла Тағаламның есімін тіліме және жаздым. Ал, қолымдағы жазуыма келер болсам, көзім үшін! Яғни, күнделікті күйбең тіршілікте Алла Тағаламды ұмытпай, көзіммен көріп, оқып жүру үшін жазып қойдым" - деген екен.


Кемеңгер Абай атамыз: "Әрбір ақылды адамға иман парыз, әрбір иманды адамаға ғибадат парыз"- деп күллі адамзатқа  құлшылық-ғибадаттың  парыз екенін баса айтып кеткен.  Ал, құлшылықтың қабыл болуына, Алланың барлығына, кітаптарына, тағдырына, ақырет күніне сену имандылықтың үлкен белгісі.  Не иман байлығын арттыруыңызға ешкім кедергі келтірмейді де. Сізден ақы сұрамайтыны да анық. Бір сөзбен айтқанда Алла Тағаланы  сүю, Алла Тағалаға  бойұсыну жақсы қасиет! Адам атаулысының бойында осындай жақсы қасиеттер молая түсіп, иман байлығы арта берсе екен.


Сайтқа дайындаған: М.Шағырбаева


 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары