Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Тыйым салынған заттармен емделуге бола ма?
05 ақпан, 2015 жыл 203 Басып шығару нұсқасы
0466a839da37e9fd4c107f5a539eb55bАдам баласы жаратылыстардың арасындағы ең көркемі және көп басымдыққа ие болғаны. Осыған орай оның белгіленген міндеттері де бар. Алайда басқа тірі ағзалар сияқты адам тәні де бір Алланың құзырында.  Барлық жаратылыс сияқты адам да түрлі себептерге байланысты ауырады, мертігеді, қайтыс болады. Дерт – бұл адамдардың тәні мен жанының саулығын бұзатын күй.

Сырқат адам денсаулығын қалпына келтіру, дертінен айығу үшін түрлі тәсілдерді қолданады. Мұсылман діні ауру-сырқау мен дертті бір жағынан сынақ деп қабылдаса, екінші жағынан онымен күресуге, одан айығу үшін қажетті амалдарды қолдануға бұйырады. Алла елшісі: «Алла Тағала дертпен бірге оның емін де қоса жіберген, әр дерттің емі бар. Емделіңдер, тек тыйым салынған заттарды қолданбаңдар»-деген.


Тыйым салынған заттар дегеніміз ең алдымен спиртті ішімдіктер мен есірткі заттары қосылған дүниелер. Ел арасында «жүйке сыр берсе аздап спиртті ішімдік ішіп алу керек» деген түсініктің бары рас. Бүгінде спирт, есіртік заттары, шошқа еті барлық саладағы заттарға қосылатыны жасырын емес, бұларды медицинада да кеңінен пайдалану етек алуда.  Ислам ілімінде тыйым салынған заттарды ішке қабылдау жолымен емделудің үш түрлі тәсілі бар:




  1. Ханбали мәзхабының және бірқатар ғұламалардың пікірі бойынша тыйым салынған заттармен емделуге болмайды. Бұл пікірді жақтаушылар ауруды тыйым салынғандарға рұқсат беретін дүние ретінде санамайды және аш адамдардың тыйым салынған жануар етін мәжбүрліліктен жеген жағдайларын мойындамайды. Олар шараппен емделуге болмайтыны туралы хадистерді дәлел ретінде келтіреді.

  2. Захирит бұтағының алимдері тыйым салынған заттарды дәрі ретінде ішке қабылдауға рұқсат етіледі деп есептейді. Бұл бағыттың жетекші ғұламасы Ибн Хазм аталған тақырыпты келесідей түсіндіреді: «Шарап мәжбүрлі жағдайға тап болғандарға рұқсат етіледі. Ем үшін немесе аман қалу үшін спиртті ішімдік ішкендерге жаза қолданылмайды. Себебі ем – мәжбүрлі қажеттіліктің бір жағдайы. Ал қажеттілік рұқсат етілмегендерге рұқсат етеді».

  3. Мұсылман ғұламаларының басым бөлігі, арасында ханафиттер мен шафииттер бар, тыйым салынған заттармен емделуге белгіленген талаптарды сақтағанда жол беріледі деп санайды. Осындай көзқарасты жақтаушылардың негізгі түйіні мынадай: тыйым салнған затпен емделу үшін оның емдейтініне немесе ең болмағанда сырқат жағдайының айтарлықтай жақсаратынына нақты сенімді болу қажет. Егер оның пайдасы болатынына анық көз жетпесе оны тұтынуға болмайды.


Дәрі-дәрмек күнделікті азық-түлік сияқты өмірлік қажеттілік болып табылады. Адам тыйым салынған заттармен мәжбүрлі түрде емделуі мүмкін. Алла елшісі ерлерге жібектен дайындалған киім киюге тыйым сала тұрып, бәрібір өзінің бірнеше оқушы-сахабаларына олардың тері аурулары болуына байланысты рұқсат берген. Егер рұқсат етілген дәрі-дәрмектермен емделудің мүмкіндігі жоқ болса емдейтін препаратқа рұқсат етіледі және ол жоғарыда аталған хадистер ықпалына түспейді.


Бұл пікірлерден тыйым салынған заттармен емделу бойынша келесідей қорытынды шығаруға болады:




  1. Мұсылман ғұламалары аталған сұрақта бір пікірге тоқтаған. Егер кәсіби дәрігер өмірге қауіп төндіретін дертті құрамында тыйым салынған заты бар дәрімен ғана емдеуге болатынын және оның басқа ешқандай баламасы жоқтығын растаса мұндай заттармен емделуге рұқсат етіледі.

  2. Өмірге қауіп төндірмейтін жағдайларда тыйым салынған заттармен емделуді ғұламалардың бір бөлігі рұқсат етілмейді деп санаса, басым бөлігі себебіне байланысты рұқсат етіледі дейді. Сонда рұқсат етудің екі негізгі шарты шығады – рұқсат етілгендердің арасында баламалы ем дәрісінің болмауы және кәсіби дәрігер қойған диагноз бен ұсыныс.                                                                                                                                       Қарағанды облыстық орталық мешіті                                                                                                                          Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары