Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Намаз оқымайтын адам неден құр қалады және еншісіне не алады?
18 ақпан, 2015 жыл 212 Басып шығару нұсқасы
tumblr_mtnbdqT1Ua1rkyrm9o4_500Намаз оқымайтын адам неден құр қалады және еншісіне не алады?

Жауап:


Алла Тағала Адамды жаратқан заманнан бастап құлшылықтың бір түрі болғаны аян. Мұхаммед Пайғамбардың қоғамына да намаз міндетті құлшылық болып берілді. Намаз сенімнің шарты болмаса да, оның міндеттілігі иманның бір бөлігі болып табылады.


Намаздың негізінде дұға мен құлшылық жатыр. Исламда кәмелеттік жасқа жеткен және ақыл есі толық адамға намаз оқу міндетті болып табылады. Намаздың міндеттілігі Құран мен Сүннетте көрсетілген.


Ғұламалардың пікірі бойынша құлшылық сенімнің ажырамас бөлігі болып табылмайды. Бірақ "Діндарды дінсізден намаз ажыратады" деген хадис пікір қайшылыған тудырады. Намаздың міндеттілігін мойындамайтын және оны орындамағаны үшін жазадан қорықпайтын адам дінсіз есептеледі.


«Задуль-Муквин» кітабында:


Бес міндетті орындамаған адамның бес нәрседен құр қалатыны айтылған:




  1. Зекет бермеген адам, өз мүлкінен қайыр таппайды.

  2. Ғұшыр төлемеген адам, өз кірісінен береке таппайды.

  3. Садақа бермеген адамның денсаулығы болмайды.

  4. Дұға жасамаған адам қалағанын алмайды.

  5. Намаз оқымаған адам, демі үзілер соңғы сәтте шахада сөзін айта алмайды».



Намаз оқу - Алланың ұлылығын тану, адамның өзінің дәрменсіздігін сезінуі. Мұны түсінген адам ешкімге зияннын тигізбей тек жақсылыққа жақын болады. Күніне бес уақыт Жаратқанның алдына тұрған адамның жүрегі шынайылыққа толады. Намаздағы әр қимыл-қозғалыс адам жүрегі мен тәніне пайдалы. Мешітте оқылған намаз діндарлардың жүректерін біріктіріп, бауырластықты бекітеді.


«Курратуль-Уйун» кітабындағы бір хадисте: «Себепсіз намаз оқымаған адамға Алла он бес түрлі қиындық жібереді. Оның алтауы осы өмірде, үшеуі - өлім  сәтінде, үшеуі - қабірде, үшеуі- тірілу кезінде келеді"-делінген.



Адам басына осы өмірде түсетін қиындықтар:

  1. Намаз оқымаған адамның өмірінде барақат болмайды.

  2. Мұндай адам Алланың сүйіспеншілігінен айырылады.

  3. Ол еш бір жақсы ісі үшін сый алмайды.

  4. Оның дұғасы қабыл болмайды.

  5. Мұндай адамды ешкім жақсы көрмейді.

  6. Ол үшін жасаған мұсылман дұғасының оған еш пайдасы болмайды.


Өлім сәтіндегі қиындықтар:

  1. Жаны шығарда қиналады.

  2. Аш күйде жан тапсырады.

  3. Қанша ішсе де шөлдеген күйі жан тапсырады.


Қабірдегі азаптар:




  1. Сүйектері қабысып қалатындай қабірі оны қысады.

  2. Қабірі күндіз-түні өртке толады.

  3. Алла оның қабірінде жердегі жыландарға ұқсамайтын жыланды жаратады. Бұл жылан оны күн сайын әр намаздың уақыты келгенде шағып отырады.


Намаз оқудың мұсылманға тек қайыры мен сауабы ғана болмақ. Намаз оқымау адамның өмірден сенімсіз өтуіне әкеледі. Намаз адам жүрегін нұрға толтырып, оның мәңгілік бақытқа қол жеткізуіне себепші болмақ. Алла елшісі: «Намаз – бұл нұр»-деген. Ендеше Алла Тағала бәрімізге парызымызды орындауды нәсіп етсін дейік!


Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары