Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сыйлық ұсыну - имандылықтың белгісі
25 ақпан, 2015 жыл 430 Басып шығару нұсқасы

800px-Tasbih_of_SilverБір ауылда өзінің әулиелігін жұрттан жасыру үшін елге бал сатушылық кәсіппен танылған бір кісі бар екен. Бір күні қасына келген алушысы: – Кейде ішегім бүріп ауырғанда бал жесем басылып қалады. Аллаға шүкір, өткен жолы да сізден алған балдан шипа дарып, жаным жай тапты, – депті. Сонда әулие кісі тосыннан: – Бір жігіт досына тәспі сыйласа керек, – деп әңгіме бастапты. Жігіт жоғалып кетпесін деп жай уақытта тәспіні  тартпаға салып қойғанмен әлгі досының келе жатқанын көрсе болды, берген тәспісін алып тарта бастайды екен. Бұны байқаған басқа бір інісі шыдамай: – Аға, бұл қылығыңыз көзбояушылыққа жатпай ма, тәспі берген досыңыз келе жатқанын көргенде ғана дереу тәспіні алып тарта бастайсыз? – деп сұрапты. Сонда жігіт: – Менікі ешқандай да көзбояушылық емес, қайта Исламдағы әдептілікке жатады, өйткені сыйлық берген адам берген сыйлығын сенің қолданып жүргеніңді көргенде іштей қуанып қалады, – деп түсіндіреді.
Бал сатушы қасындағы кісінің осыған ұқсас әдепті істі орындағанын меңзеп, өзінің бұған іштей қуанып қалғанын астарлап осы өнегелі әңгімесімен  жеткізген екен.


Сайтқа дайындаған: М.Шағырбаева

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары