Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қуаныш әдебі
27 наурыз, 2015 жыл 701 Басып шығару нұсқасы

1339940045_kak-bit-schastlivim-kazhdomuПайғамбарымыз қуанатын және оның қуанышы Алланың құдыретімен астасатын. Алла Тағала: «Айт (О Мұхаммед): «Бұл – Алланың мейірімі (Құран) мен рақымдылығы (Ислам). Олар осыған қуансын, себебі бұл олардың жинайтын (осы өмірде) жақсылығы.


Пайғамбарымыздың қуанышы әрдайым Жаратушының құдыретімен, Оның ұлылығын танумен байланысты болатын. Алла елшісі өмірде көп нәрсеге қуаныш білдірген. Мәселен, иудейлердің балалары Исламды қабылдағанда, сахабалар Хайбар  шайқасынан оралғанда, неке қиғанда, өзінің қыздарын ұзатқанда қуанған, оларды отбасын құруға, сабырлы болуға үйреткен. Осындай қуанышты күндердің өзінде Алла елшісі күндіз де, түнде де құлшылығын бір сәтке ұмытпаған. Пайғамбарымыз қуану кезіндегі әдеп пен ережелерді де бізге үйретіп кеткен. Себебі адам қуаныш кезінде де шектен шығып кетуі мүмкін. Ең бірінші – бұл істің барлығы Аллаға  тән,  Алланың қалауымен орын алып жатқанын, Алланың бұйыртып тұрған несібесі екенін естен шығармау. Таңқаларлық жақсылықты көргенде ол: «Өзінің мейірімділігімен жақсылықты көрсеткен Аллаға шүкір»-дейтін. Қандай қуаныш болмасын ол бірден Аллаға құлшылық қылатын. Тайпалар Исламды қабылдағанда, Алла ауыртпалықтан құтқарғанда да сәжде қылған.


Екіншісі – қуанышты көрсету. Пайғамбарымыз: «Неке туралы жар салыңдар және тойда дабыл ұрыңдар»-деген. Себебі қуанышты көрсету өзгелерді де қуантады, адамдар арасында бауырластықты арттырады.


Пайғамбарымыз әр қуанышында Аллаға бойұсынудан, құлшылық қылудан, мадақ айтып, шүкір етуден танбаған.


Сондай-ақ туысқандар мен таныстарға қуанышты хабарды жеткізу де Пайғамбардың сүннеті. Кааба ибн Мәліктің тәубеге келгені туралы аят түскенде Алла елшісі Кааба ибн Мәлікті қуанту үшін оған бірден хат жібереді. Қуанышты көргенде тәкбір оқу да Пайғамбардың сүннеті болып табылады.


Біз әр қуанған сайын Алланы еске алуымыз, Алла елшісінің сүннеттерін сақтауымыз керек. Себебі ең үлкен қуаныш Алла мен оның елшісімен кездесу.  Алла: «Айт (О Мұхаммед): «Егер сендер Алланың сүйсеңдер менің жолыммен жүріңдер, сонда Алла да сендерді жақсы көреді».


 Көпшілігімізде қуанған сәтте Құдайымызды ұмытып кететін әдет бар. Менменсіп «Өзімнің арқам, еңбегімнің жемісі» деген кеудемсоқтық кернеп кететіні жасырын емес. Мұндай кезде шүкірлікті де, тәубені де естен шығарып аламыз. Мұның өзі күнәға жетелейтін жайттар. Сол себепті де әр ісінен ұлылық сезілетін Алла елшісінің сүннетін ұмытпасақ абзал.


Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары