Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Рухты тәрбиелеу
16 маусым, 2015 жыл 322 Басып шығару нұсқасы

 rukaИслам – сенім. Сенім ғана емес өмір сүру үлгісі. Ол күнделікті тірлікті де, ішкі рухани әлемді де жүйелейді. Нағыз мұсылман болу үшін форма мен рухтың, материя мен мағынаның, діндегі анық пен жасырынның бір екенін түсіну қажет.


Мінез-құлықты тәрбиелеу – бұл білімге, рухани құндылыққа, Алланы жүрекпен сүюге ұмтылу. Бұл нәпсі мен шайтанның тұзағынан қорғанып, әрдайым жүректің Алламен бірге болуы. Аятта: «Ол – көк пен жерді алты күнде жаратып, таққа отырған. Ол жерге түсітінді және одан шығатынды, көктен түсетінді және көкте бататында біледі. Сендер қайда болсаңдар да Ол сендермен бірге. Алла сендердің жасаған істеріңнің бәрін көреді»-демей ме? (әл-Хадид сүресі, 57/4).


Рухты тәрбиелеу барлық ой мен сезімді Алланың қалауына сай үйлестіруге бағытталған. Бұның бастаушысы – Мұхаммед Пайғамбар. Ол ең көркем мінез-құлық иесі және шынайы жолға бағыттаушы.


Рухты тәрбиелеу – бұл нәпсінің алдын алу, өз-өзіңді жеңу, бар саналы ғұмырды Алла елшісінің сүннетіне сай өткізу.


Құранды да Алла Тағала бізге бір қайнар бұлақ ретінде жіберді емес пе? Құранды басшылыққа алу, әр істе Алла елшісінің жолымен жүруге тырысу адастырмас жол. Ой, сезімде, қарым-қатынаста, жүріс-тұрыс пен мінез-құлықта Пайғамбарға (с.ғ.с) ұқсауға тырысқан абзал. Әрине Алланың барша адамзат баласына елші етіп жіберген таңдаулы Пайғамбарындай бола алмайтынымыз анық. Бірақ мұсылманның міндеті соған ұқсау, сүннетімен жүру. Рухты тәрбиелеу ең алдымен пайғамбардың өмір салтын ұстану. Құран мен сүннетті жүрекпен түсінуге тырысу.


Алланың бұйрығына бойұсынбай, парыз қылған істерді атқармай, Алла разылығы үшін іс жасамай, бітпейтін арман, жанталасқан өмір мен мәнсіз мүдде жолындағы жасалған тірліктің бәрі – бос. Ол тек нәпсі мен шайтанның тұзағына түсіреді. Бұл әрине өкінішті... Себебі адам мәңгілік емес...



Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары