1919 жылы АҚШ осы дерттен бір жола құтылу мақсатымен «Жою заңы» деген атпен заң шығарды. Заңды іске асыру үшін халықты жаппай күреске шақырады. Барлық ақпарат құралдарын қолданып, алкоголизмге қарсы ұйымдар ашып, кино-фильмдер көрсетіліп, ішімдік пен есірткінің зияны жайында көптеген мақалалар жазылып, конференциялар өткізілді. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, дәл осы іс-шараға 60 миллион доллардан астам қаржы жұмсалған екен. Ал кітаптар мен кітапшалардың ұзын саны 10 миллионнан асыпты. Бұл бұл ма 300-дей адам дарға асылып, 532 335 адам темір торға жабылып, соры қайнады. Қаншама шығын жұмсалғанымен, көзделген мақсатқа жете алмады. Сөйтіп, 1933 жылы заңның күшін жоюдан басқа ешқандай шарасы қалмаған. Заң бар болғаны 14 жыл ғана өмір сүрді. Осы мәселеде әлсіздік көрсеткендерін америка профессоры былайша мойындайды: «Хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) Құранның дәнекерлігімен арақтың уынан сақтаған. Мұндай игі істі XX ғасырдағы «мәдениетті» Америка мемлекеті әртүрлі үгіт-насихат жүргізсе де оңды нәтижеге қол жеткізе алмады ». Сондықтан ішімдікпен күресте сырттай емес, іштей күрес жүргізу керек.
«Өмірдің үзік сырлары»
Пікірлер