Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Пешенеге жазылғанды көреміз бе, әлде...
10 қазан, 2015 жыл 243 Басып шығару нұсқасы

Бір кісі ұстазға былай дейді:


* Ұстаз, менің пешенеме намаз оқуды жазбапты.


Сонда ұстаз дәрет алатын жерді көрсетіп былай дейді:


* Жеңіңді түріп мына сумен дәрет ал. Сосын мына жерге екі рәкат намаз оқы. Сонда сенің пешенеңе намаз оқу жазылатын болады.


Иә, жұма күні азан шақырылғанда мешітке қарай асыққандар мен дәл сол уақытта мейрамханаға баратындар, өз қалауларымен істейді. «Пешенеге жазған екен, көреміз де» деп айтқандарды шапалақпен тартып жіберсең немесе киімін ұрлап кетсе, «Не істейін, менің пешенеме шапалақ жеу, киімнен айырылуды жазған екен», - деп айтпайтыны рас. Бұл олардың сенімдерінің қате екенін көрсетіп тұр.


Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Расында, оған тура жол көрсеттік. Мейлі шүкірлік қылсын, мейлі қарсы келсін» (Ынсан 3). Бақара сүресінде (2/221) «Алла жұмаққа шақырып жатыр», - дейді. Иә, тозаққа шақыруға болмайды. Өйткені адамдар тозақ үшін жаратылмаған. Бірақ ол жаққа да баратындар бар. Мәселен, мемлекет мектептерді адамдар өсіп-өнсін, білім алсын деп ашады. Алайда ол жерден бір сыныптан екінші сыныпқа өте алмай қалатындар мен сотқарлар да шығады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары