Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сәлем бермей сауаптан құр қалмаңыз...
28 қазан, 2015 жыл 6237 Басып шығару нұсқасы

«Сәлем» Алланың көркем есімдерінің бірі. Сәлемдесу Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) сүннет болған қайырымды амал. Ата дінімізді ардақтаған ата-бабаларымыз да кездескенде «Ассалаумағалейкүм» деп қол алысып екіншісі «Уағалайкүмассалам!» деп жауап қайтарып амандық сұрасуды алдыңғы орынға қойған. «Сәлем – сөздің анасы» деген халқымыз аузыңнан шығар алғашқы сөзің амандасу болсын дегенді меңзеген. Біздің бүгінгі күні «салам», «сәлем», «саламалейкум» деген сөздің түп-төркіні осыдан шығып отыр. Амандасудың парыз екені айқын, ал ол неліктен айтыуы керек, оның мәнісі неде, бұл сөздің артындағы сауаптарын біреу білсе, біреу білмейді. Күнделікті өмірде бірнеше рет қайталайтын осынау сөзді айтқанымыз үшін мол сауапқа кенелудеміз.


Сәлемдесуге берілген сауап


Абдуллаһ б. Мәсудтан (р.а) келген риуаятта Расулаллаһ (с.ғ.с):


–«Сәлем Алланың әдемі есімдерінің бірі, оны араңызда анықтаңыз, жайыңыз», - деп бұйырған.


«Ассалаумағалайкүм!» сөзі Алланың амандығы болсын дегенді білдіреді. Ал  оған «Уағалайкүмассалам!», яғни саған да Алланың сәлемі болсын деп жауап береді. Міне бұл сөздер аламдар арасындағы қарым-қатынасты арттырып, бір-біріне жақындастыра түседі. Өйткені мұнда Алладан бір-бірі үшін дұға тілеп тұр. Ал мейрімі мол Алла Тағала сұраған жанның дұғасын әлбетте қайтарады. Ұлы Алла Субһанә Тағала былай бұйырады: «Сүйіспеншілікпен қашан сендерге сәлем берілсе, одан жақсырақ немесе оның өзін қайтарыңдар. Шексіз Алла әр нәрседен есеп алушы» (Ниса сүресі, 86-аят).


Сәлемге қарсы одан да жақсылау сәлем беру туралы Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) айтан сөзі бар. Имран б.Хусайын (р.а) былай деп айтқан:




  • Расулаллаһқа (с.ғ.с) бір кісі келді. Ол кісі «Ассалаумағалайкүм!» (сізге сәлем) деп сәлем берді. Алла елшісі (с.ғ.с) оның сәлеміне қарсы сәлем берді және былай бұйырды:

  • «Он жақсылық сауабын алдың».


Басқа бір кісі келіп «Ассалумуалейкүм уа рахматуллаһи (сізге сәлем, және Алланың рахматы де )» деп сәлем берді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) огың сәлеміне қарсы жауап берген соң:




  • «Сен де жиырма жақсылық сауабын алдың».


Кейін бір кісі келді де «Ассалумуалейкүм уа рахматуллаһи уа бәрәкәтуһу (сәлем сізге және Алланың рахматы және берекеттері де)» деп сәлем бергенде Расулаллаһ (с.ғ.с) сәлеміне жауап беріп:


«Сен де отыз жақсылық сауабын алдың», - дейді.


Бір риуаятта Расулаллаһтың (с.ғ.с) былай бұйырғаны айтылған:


–Бір мұсылман басқа бір мұсылман бауырына сәлем берген кезде сәлем берілген кісі сәлемге қарсы жауап беретін болса, періштелер ол үшін жетпіс рет салауат оқиды. Егер сәлем берілген кісі сәлемге қарсы жауап бермейтін болса, сәлем бергеннің қиыншылығы оның үстіне жүктеледі, бұдан басқа періштелер оған жетпіс рет лағнет айтады».


Сәлемдесу жәннатқа жетелейді


Әбу Хурайрадан (р.а) келген риуаятта Расулаллаһ (с.ғ.с) былай бұйырады:




  • «Иман келтірмегенше жәннатқа кіре алмайсыздар, араларыңызда сүйіспеншілік орнамағанша иман келтіре алмайсыздар. Сақ болыңыз, сіздерге бір жол көрсетейін, онымен әрекет жасап тұра берсеңіз, араңызда сүйіспеншіліктің бағы орнайды. Анық-анық сәлемдесіңіз».


Сонымен қатар Абдуллаһ б.Сәламның былай дегені айтылады:




  • «Әй адамдар, анық-анық сәлем беріңдер. Аштарға тамақ жегізіңдер. Адамдар (яхуди, насара, мажуси тобы) ұйықтап жатқан кезде түнгі намазды оқыңдар. Айтылғандарды істейтін болсаңдар, жәннатқа кіресіңдер». Әлемдердің жаратушысы құлдарын араздасудан сақтасын, кекшілденіп, өзімшілдік танытып амандаспай өтуден сақтасын!


Алла Тағала сәлемімізді түзу қылсын лайым!


 


 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары