Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Адамгершілікті Абайдан үйрен!
28 қазан, 2015 жыл 285 Басып шығару нұсқасы
1. Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.

2. Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да болады, өшкені де болады.

3. Әкесінің баласы - адамның дұшпаны. Адамның баласы -бауырың.

4. Ер артық сұраса да азға разы болады.

Ез аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас.

5. Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың.

6. Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, Пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол – көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал.

7. Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза, қуаты артында болғаны.

8. Егер ісім өнсін десең, ретін тап

9. Бақпен асқан патшадан

Мимен асқан қара артық;

Сақалын сатқан кәріден

Еңбегін сатқан бала артық.

10.Тоқ тіленші - адам сайтаны,

Харекетсіз - сопы монтаны.

11. Жаман дос - көлеңке:

Басыңды күн шалса,

Қашып құтыла алмайсың.

Басыңды бұлт алса,

Іздеп таба алмайсың.

12.    Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас;

Қайғысыздан сақ бол,

Қайғылыға жақ бол.

13.    Қайратсыз ашу - тұл,

Тұрлаусыз ғашық - тұл,

Шәкіртсіз ғалым - тұл.

14.    Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң - өзің ғана тілейсің.

Абайдың отыз жетінші қара сөзі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары