Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Кетпеші, балам, Сирияға! (жалғасы)
01 қараша, 2016 жыл 412 Басып шығару нұсқасы

Сиридағы шымшытырық өмір

 

* Ағамның тосын сыйын Сирияға кіріп барғанда ғана білдім. Түркия мен Сирия елінің шекарасында бір адамдар таситын көлік күтіп тұрды. Мен аң-таңмын, жол бойы ағам үнсіз келгендіктен, мен де ештеңе қапыртып сұрамадым. Тосын сыйын асыға күткен едім. Сөйтіп, шекараға келгенде, көліктен түсе, бір топ әйел, еркек бала-шағаларды көрдім. Әйелдердің бәрі бір жерде оңашаланып, емізулі балалар мен еңбектеген балаларын қоршап отыр. Еркектерінің қолында бірнеше суық қару, пышақ, арқаларында жүк тиелген қоржындар. Бір кезде, «ерке қыз, ерке қыз» деген таныс дауысты естідім. Маған қарай жүгіріп келе жатқан жеңгем екен. Көзі ісіп, өзі бозарып кеткен. Ағам көліктен түсе, еркектердің тобырына қосылып кетті. Маған қарай жүгіре жеткен жеңгем, мені құшақтай жылап жіберді.

 

 

* Ерке қыз, мұнда не істеп жүрсің, қайдан тап болдың. Кет бұл жақтан, кет. Өмірің қор болады,-деді Күнай.

 

 

* Жеңге, анам қайда? Ағам маған бар отбасы мүшелері осында деп еді. Мына жұрт кім. Бұл қай жер,-дедім мен таңырқай.

 

 

* Ерке қыз, ағаң сені алдап алып келсе керек. Бұл жер Сирия. Ағаң Алла жолында соғысамыз деп, анаңды жылатып, елден қашып келдік. Менің бармаймын дегеніме қоймай, еріксіз балаларыммен алып келді. Ағаң адасты. Енді елге қайтуға жол жоқ. Осы жерде өлсем жәннатқа аттанам дейді. Ал жәннат ол үшін анасының аяғында екенін қанша түсіндірсем де түсінер емес. Құранда Алла жолында соғысыңдар деген аятты мықтап ұстап алса керек, еш түсінер емес. Ағаң қатты өзгерді. Сол үшін де таяқ астына алды,-деп жеңгем боздады. Бар мән жайды енді ұққан мен, басыма найзағай түскендей, үнсіз тұрып қалдым. Өз тұған ағам алдап алып келгеніне қатты налыдым. Бір кезде, тез жиналыңдар аттанамыз деп, бір екі еркек әйелдер қауымына бұйрық берді. Шегінер жол жоқ. Қайда жүргенімді өзім де білмеймін. Қамыс қаптаған айдала. Қайда қашарымды да білмеймін, жеңгемді құшақтай жүре бердім. Ағамды іздедім. Ол өзге еркектердің жанында, әңгіме дүкен құрып отыр. Араларынан ауылдағы Нағашбекті де байқап қалдым. Түрі не деген сұсты еді. Бірі өз еркімен келген,бірін аяқ қолын матаулы етіп алып келген келіншектердің арасына кірген мен, олардан мән жайды білдім. Дәл қазір Сирия басқыншылары жіберген көлік келуі керек. Соған мініп, таң атқанға дейін соғыс бастаушылардың тобына кіру керек екен. Жүрегім сыздап кетті. Алыста қалған анамды, әпкемді, елім мен туған жерімді енді көре алмаспын деген ойдан шошып, көзіме мөлт-мөлт жастар келді. Ағам да келіп қалды қасымызға, дереу ағамның қолына жармастым:

 

 

* Аға, мұнда не үшін келдің. Анамды неге тастап кеттің. Мені неге алып келдің. Өтінеміз жеңгем мен немере інілеріммен қосып апарып таста бізді. Бізге соғыс керек емес, бүйткенше елімде жүргеніміз абзал ғой, ағашым, бұл қай адасқаның ?,-деп ағамды көндірмек болдым. Ол да үн болмады. Бір ауыз

 

 

тіл де қатпады. Алыстан шаң шығарып зуылдап келген бірнеше көлікке әйел адамдарды балалармен бірге кіргізе берді. Оның ішінде мен де бармын. Еркектер бөлек көлікке отырып біздің артымыздан жүрді. Міне енді нағыз тозақ басталды, - деп Қарашаш тағы жылады. Өкісігін баса алмай біраз тұрды.

 

 

* Таң атқанша жүріп келген көліктегі бәріміз ұйқы қысып, бірі жылап, бірі күліп, бірінің баласы ұйқтап, бірінікі ыңырсып жеттік. Аш құрсақ болып, әлі кете бастады. Күн шыға бере діттеген жерге жеттік. Көліктен түскен біз, құлап шаңы шыққан үйлер, тарсылдаған дауыстар мен бірнеше қаны судай аққан адамдарды көзіміз шалды. Жеңгем жылап жіберді. Менің де көзімнен жас тиылар емес. Әйелдер қауымын қоршай жүрген еркектер, бәрімізді итере итере бір құлайын деп тұрған үйге кіргізді. Өздері сыртта қалып, сол елдің азаматтарымен құшақ жая амандасып, құшақтасып жатты. Көзім шалып жан жағымдағы қыз келіншектерге қарадым. Арасында баласын жетектеген келіншектер де, үрпиіп өсіп келе жатқан арулар да да бар. Біраз уақыттан кейін үйге бір екі еркек келді де іске жарайтын екі үш егде тартқан әйелдерді, жетіден асқан балаларды алып кетті. Бәріміз у-шумыз. Жеңгем мен екі інім де, жылай-жылай жастары таусылған. Қарнымыз аш. Бір кезде құлақ жарғағын жарып жіберетіндей гүрсілдеген дауыс, атыс-шабыс басталды да кетті. Дәл жанымызда болып жатқандай, жерде сілкініп, апыр топыр болды да кеттік. Алла бұдан былай басымызға салмасын, бірақ Отан үшін оғысқа барған ата- бабаларымызды мен түсіндім. Бірақ еш күнәсіз бейбіт халықты қырғынға ұшыратқан ИМ (Ислам мемлекеті)бастаған соғыс негізсіз еді. Бізді қамап ұстады. Бір екі қыздарды алып кеткеннен кейін олар қайта оралып келмеді. Олардың өмірінен бейхабар бола бастадық. Жеңгемді ағам алып кетті. Біртіндеп азайа бастадық. Мен, сосын қасымда бес алты келіншек пен екі үш қыз қалдық. Осылай бір айдай уақыт өте бастаған еді. Бір күні ағам келді де, менің қарсылығыма қарамастан қолымнан мықтап ұстай сыртқа алып шықты. Сыртта еңгезердей бірнеше еркектер қолдарына ұзын ұзын мылтық, қаруларын асынып, жалақ-жалақ етіп тұр. Ішіндегі біреуі маған қарап басын изеп еді, ағам да басын изеді. Сосын мені жерге күштеп отырғызды. Қасыма әлгі еркек келіп жайғасты. Сөйтті де арасында бір еркек шығып қисынсыз, шала-құлаш Құран аяттарын оқыды да, ағамның қолын алды. Түсінгенім мені сол кезде әлгі еркекке некелеп жіберіпті. Еркек менің қолымнан ұстай, өзіне қарай тартпақшы болғанда, білегіме ер адамның қолы тиіп көрмеген мен шошып кеттім, оның қолын жұлқып тастап, жүгіре ағама бардым. Аяғына жығыла кеттім.

 

 

* Ағатай, бұл не істегенің. Өз қарындасыңды қиянатқа қиғаның ба? Жан ағам, Алланың атымен сұрайын, мені жіберші Отаныма, ағатай, жалынайын,-деп егіле, тұншыға, жыладым.

 

 

* Сен енді осы адамның жұбайысың, сен де Ислам мемлекетінің әскерісің. Сенің ендігі міндетің осы адамға қызмет ету. Қорықпа, келешекте үлкен Ислам мемлекетін құрып, басқаратын боламыз. Сенде өз отбасыңмен бақытты боласың,-деді де аяғында жығылып жатқан мені итере басқа жаққа жүріп кетті. Әлгі еркек мені көтеріп алды да, байбалам салғаныма

 

 

қарамастан, тозығы жетіп, бір жағы құлайын деп тұрған үйге алып келді. байқағаным, мен төртінші әйел болсам керек. Алдымда алып кеткен бір екі қыздар да осында жүр. Олардың да құр сүлдері қалған. Еркектін аты, Синан болса керек. Мені көтерген күйде, бір бөлмеге алып келді...,- деп Қарашаш үнсіз тұрып, бетін екі алақанымен басып тағы жылады. Жан жағына қарады да, сөзін қайта жалғастырды:

 

 

* Иә, іштеріңіз сезіп тұрған шығар. Ол менің тап-таза арымды төкті. Мені қинады, ұрды, соқты, мені иттен де жаман көрді. Маған білгенін істеді. Олардың иісі қандай жиіркенішті еді. Үстілерінен шыққан нәжіс иісі мен мұндалап сонау жерден келеді. Таза мұсылман ондай болмайды. Не керек, қыздық ғұмырыммен қоштасып қала бердім. Егілдім, жыладым, аяғына жығылып, тіпті күш те көрсетпек болдым, бірақ өзі еңгезердей, кең құлашты, елуді алқымдаған еркекке жасы жиырмаға жетпеген қыздың шамасы келе ме? Тірлігін бітірісімен кете барды, әлгі хайуан. Мен егіліп қала бердім. Бір кезде, қасыма жаңағы үш қыздар келді де мені құшақтап олар да жылады.

 

 

* Не болып кетті, не болып кетті өзі. Біз алданып қалдық. Жәннатқа барамыз деп, өзімізге тозақ отын дайындап қойыппыз ғой.

 

 

* Біз енді ешкімге керек емеспіз, ата анамызды тастап келіп, осы жақтан бақыт табамыз деп келгеніміз бекер екен.

 

 

* Мына Синанға әйел болып қалдық қой,-деп томсарған қыздар мені жағалай менің көз жасымды сүрте жылап отырды. Бірді екілі бөлшек нанмен жүрек жалғап жүрген бізді бір күні Синан келді де, қаруын кезей, бір жаққа алып барды. Ол жерде көптеген қыз-келіншектерге қолына қару алып, тіпті төбелестіріп, жаттыққтырып жатыр екен.

 

 

* Сендер де, осында жүріп қару ұстауды үйренесіңдер. Бұдан былай әскер қатарына қосыласыңдар,-деді ол. Сөйтіп біз бірнеше қаруланған әйелдердің ішіне кіріп кеттік. Тіпті айтуға аузым бармайды. Бізге ол жерде не көрсетпеді, ұрды, соқты, тепті де, бірнеше еркектер келіп зорлық көрсетті. Бағынбаған бірнеше қыздардың миын шашып, атып тастап жатты. Соғыс, қандай аты жаман сөз еді бұл. Бірақ бұл соғыс мұратсыз соғыс қой. Жарылған үйлер, құлаған мешіттер, қырылған бейбіт халық. Ішек қарны ақтарылып, денесі әр-жақта шашылып жатқан адамдар, анасы мен әкесінен айырылған балалар, денесі жоқ анасының басын ғана құшақтап жылап отырған кішкене қыздар, зорланған арулар, басы шабылып, атылған еркектер, міне бұлардың бәрін көрдім. Бұны көрсеткен Синан деген қатыгез. Ол осылай бейбіт елді қырғынға ұшыратқаны үшін мәз болып, дарақылана күліп жүрді. Ұшып келіп жарылған жарылғыштар, шаңы көкке ұщқан зәулім ғимараттар бір сәтте –ақ аспанды алай дүлей етіп жіберді. Міне олардың адал деп соғысқандары осылай. Бірде, Бізді жаттықтырып жүрген лагерьге келген бір топ еркек кіндіктілер таңдап таңдап он бес шақты қыз баланы алып шықты. Оның ішінде менде бармын. Білмеймін бірақ, мені тағы бір еркек иемденген секілді. Бізді қоршай бір жерге алып келіп, ұрды, тепкіледі. Жанымызды көзімізге көрсетті. Бір-бірден иемденіп, арымызға балта шапты, денемізді күйдіріп, қинады. Бізді тағы да бір бөлмеге қамап қойды. Бір екі еркектер кезек-кезек келе, таңдап жүріп, арымызды төгіп кететін болды. Иә,

 

 

біз олардың жезөкшелеріне айналдық. Қалаған уақытында келіп, зорлықтарын жасап кетіп жүрді. Сөйтіп жүргенде, мен жеңгемді кезіктірдім. Баяғы сұлу жеңгем жоқ, құры сүлдері қалған, денесінде сау тамтығы жоқ, көгеріп, жараланған. Еріндері жырылып, көздері көгерген. Оны да біздің жанымызға алып келген еді.

 

 

* Ерке қыз, не болып кеткенсің, өміріңді құрттық ау, -деді Күнай өзінің таяқ жеген түрін ұмытып.

 

 

* Жеңге, өзіңе не болған, мына түрің не, қайда жүрсің, қайда болдың, ағам қайда

 

 

* Ағаң, ағам деймісің. Қандай аға ол, қандай күйеу, қандай әке. Өз қарындасын, өз белінен тараған балаларын аямаған, әйелін аяйды ма.

 

 

* Не болды енді айтшы, інілерім қайда?,-дегенімде жеңгем де аңыранып жылап жіберді.

 

 

Ағаң да, балаларым да жоқ енді. Басынан айтайынн. Мені өзіңнен ажыратып алып кеткенде, екі баламды қолымнан алып қойған болатын. Қару ұстап соғысу тәсілін үйретеміз деп бір лагерьге алып кетті. Ал Бақдаулет қолына қару алып, бір екі жерлерге аттанып кетті. Мені бір бұзылған үйге апарып қамап қойды. Бақдаулет келді. Түрінен адам шошырлық. Нағыз қатыгез, тас жүрек болып кетіпті. Дегенін істеп, мені қайта қамап қойған Бақдаулет, сыртқа шығып кетті. Мен сынған терезеден сыртқа көз тастадым. Бірнеше еркек, Бақдаулет те, анау Нағашбекте бар, жерде етпетінен жатқызып қойған бірнеше еркек, бозбала, сәбилерді ұрып, соғып, сабап, бастарынан теуіп, қинады. Осыны істеп тұрған өз күйеуім екенін көргенде, көзім шарасынан шықты. Бейбіт халықты қан сасытып, қырды. Сосын Нағашбек үлкен қанжарды алды да, етпетінен жатқан адамдарды бір-бірлеп, бастарын шалқайта тамағынан осып-осып жіберді. Артына келіп, Бақдаулет мылтығымен оқ жаудырды. Бұны көрген мен шыңғырып жібердім. Бірақ менің даусымды естіп жатқан олар жоқ. Қарудың атылған даусынан ләззат алып, аққан қандарды баса, өлген адамдарды бірінің үстіне бірін лақтыра, үстеріне бензин шашып, өртеп жіберді. Қан судай ақты... Жалғасы бар

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары