Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Өлімді жиі еске алуда ғибрат бар
07 қаңтар, 2016 жыл 5634 Басып шығару нұсқасы

скачанные файлы (2)«Сендер қайда болсаңдар да, тіпті мықты қорғандарда (жұлдыздарда) болсаңдар да, сендерге өлім жетеді» деп Алла барлық адамзатты ескертті. («Ниса» сүресі, 78-аят). Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Адамды осы өмірдегі бар байлығымен қоштасуға әкелетін өлімді жиі еске алыңдар. Өлімді жиі еске алу байлықтағы қайырсыздықтан қайтарады, кедейліктегі сабырсыздықты жояды. Яғни, сендерге жеңілдік әкеледі» деген. Тағы бір хадисте: «Сен өлімді не үшін жақтырмайтының турасында ойлан. Бұл ойыңды қой, сонда сен қалай өлетініңнен қорықпайтын боласың» деген. Бұл хадис өлімнен қорқып, оны ойлағысы келмейтіндерге ескерту. Яғни, өлім турасында ойлануыңа не кедергі, не үшін ойлағың келмейді, міне нақты сол себептерден тыйылу керек. Адам баласы өлгеннен кейінгі жаңа өмірі баянды болатынын білгенде еді, олар өлімді жиі есіне алған болар еді. Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дүние байлығына ғана қызығып, ақыретті ойлағысы келмейтіндер үшін мынадай хадисі жеткен: «Сен өлімнің бейнесін көз алдыңа елестет, сонда өмір байлығын ұмытасың», «Өлімді ұмытпайтындар бұл өмірдің қиыншылығы мен қуанышына аса көңіл бөліп қарамайды». Әл-Қадааиден жеткен хадисте алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Өлім – бұл өсиет секілді. Мен сендерге екі өсиет қалдырамын: бірі, үнсіз, ал екіншісі сөйлейді. Бұлар – өлім және Құран» деген. Осы хадистер негізіне сүйеніп, өлімді жиі еске алудың мәнін ұғуға болады. Алланы еске алып, зікір етумен қатар өлімді жиі ойлауда да қайыр бар екен. Бұл турасында ғалымдар бірнеше пікірлер білдірген. Өлімді жиі еске алушының бойынды үш қасиет арта түседі:


1. Аллаға жиі зікір етеді;


2. Азға қанағат ете алады;


3. Алла жолында күресуге (өз нәпсісімен) ерінбейді.


Ал, өлімді ұмытқандар мына үш қасиетке ие бола бастайды:


1. Алланы ұмыту;


2. Алланың нәсіп еткен ризығына қанағатсыздық таныту;


3. Нәпсімен күресу.


Айша (Алла оған разы болсын) Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Қиямет күні сұрақ-жауапсыз жұмаққа кіргізілетін адамдардың бар-жоқтығы жайлы сұрады. Сонда Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп жауап айтқан екен: «Күніне 21 рет «Аллаһума борик ли филмаути уа фима баьдалмаути» деп айтатын адам еш сұраққа тартылмай, жұмаққа кіреді». Ал, «Махшарда шахидтермен дәрежесі тең келетін кісі болады ма?» деген сұрағына Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Күніне өлімді жиырма рет еске алушы адам


Қиямет күні шахидтермен бірге тұратын болады» деп жауап берген екен. Адам тәулігіне 20 сағат бойына сергек жүре алады. Сол уақыт аралығында сағатына бір рет өлімді, өлгеннен кейінгі өмір турасында, бұл өмірмен қоштасар сәттегі және қоштасқаннан кейінгі ахуалы жайлы, Қиямет күні мен Жұмақ, Тозақ, Сират көпірі т.с.с. ойлайтын болса ол адам күнә істей алмайды, өткен күнәларына өкінеді. Өлімді ойлаған адам нәпсіге ерік бермей, игі амалдар жасауға үйренеді. «Өлім» сөзін ғана ойлау емес, мәселе оның мән-мағынасын ұғыну. Адам (а.с.) жаратылғаннан кейін періштелер оның ұрпағының көбейіп жатқанын көріп, Жаратушыға жақында Адамның (а.с.) балалары жерде орын қалмайтын болады деп айтады. Сонда Жаратушы Ием: «Мен олардың санын азайтатын өлімді жіберемін». Періштелер: «Егер олар өлетіндерін білсе, онда олар өмірге қуанбайтын болады» деп сауал тастады. Жаратушы: «Мен олардың үміттерін арттырамын, олар сонда өлімді ұмытатын болады» деді. Өлімнен кейін не боларын біле тұра ол турасында ойламау – міне осы ойсыздықтың нәтижесінен иманымызды әлсірететін, дүние байлығына құмарттыратын үміт. Егер иман мәнсіз болса, ол өлімді еске алса да одан қорықпайтын болады. Өлімді еске алып, одан қорқатын адам ешқашан ол турасында ұмытпақ емес. Адамның жаны әрқашан жақсы көретін және қорқатын нәрсесін ұмытпайды. Бәйһақидің жеткізуі бойынша: «Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер Адамның (а.с.) балалары секілді жануарлар да өлетінін білгенде, Адамның (а.с.) балалары ешқашан майлы ет жемеген болар еді» деген. Яғни, мал өлімнен қорқып ешқашан тойып, еркін тамақтана алмаған болар еді деген сөз. Өлімді жиі еске алудың бір көрінісі ретінде оны жиі еске салатын әрекеттер болмақ, яғни жаназаға қатысу, қабір басына бару және т.с.с. Мазарға жиі баратын адамнан оның себебін сұрғанада «Бұлар менің көршілерім еді. Олар маған өмір соңында қайда баратынымды еске салады және мен кеткен соң артымнан ғайбат айтпайды» деген екен. Алла елшісі (оған Алланың игілгі мен сәлемі болсын): «Мен сендерге мазар басына бармаңдар деп едім. Бірақ енді біліңдер: мазар басына барыңдар, ол сендердің жүректеріңді тынышталдырады, өлімді еске салады, көздеріңе жас алдырады» (яғни, өлімнен қорқып жылайсыңдар) деген. Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болған адамға қарап тұрып: «Сен өлген адамға қарашы, бұл сенің жүрегіңе ой салады деп үміттенемін. Қиямет күні өлімнен қорқып қайғырған адам Жаратушының көлеңкесінде болып, оны барлық игіліктер күтеді» деген. Жаназаға қатысып, бұл өмірмен қош айтысқан адамды жоғалтқанда біраз күнге дейін өлім естен кетпей жүреді. Сол уақытта Аллаға зікір етіп, құлшылығын арттырған адам мол сауабқа кенелері хақ. Бірақ, осы өмірдің қызығы мен шыжығын ойлап өлім турасында ұмытып кететініміз рас. Тіпті, оны еске алудан қорқып, өлімді ойламауға тырысатынымызды жасырмау керек. Жоғарыдағы хадистерге сүйенсек, бұл ойлардың қате екеніне көз жеткіземіз. Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мүмин үшін өлім үлкен сыйлық деген. Аль-газали имам бұл сөзді былайша түсіндіреді, Аллаға сенетін адам бұл өмірде өзін шұңқырға түскендей сезінеді. Оған бұл жерде өз қорқыныштарымен, нәпсісімен,


шайтанмен күресуіне тура келеді. Олармен күрес тура жолдағы мүмін үшін ауыр тиеді. Ал, өлім осының бәрінен құтқарады. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Өлім кім үшін игі болмаса, ол үшін өмір де игі емес. Жаратушыға сенушілер үшін өлім ең басты игілікті нәрсе. Өйткені өлімнен соң Алла оған сол үшін дайындаған барлық кереметін ұсынады» деп айтқан. Яғни, осы өмірдегі істеген жақсы амалдардың сауабы беріледі. Аңсарлардың бірі Алла елшісінен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «О, Алла елшісі, ең ақылды және бақытты жан кім?» деп сұрады. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім өлімді жиі еске алса және оған дайын болса - сол ең ақылды және оның осы және ақыреттік өмірінде абырой мен қадірі артады» деп жауап берген (Табарани, Ахмад). Бәйһақиден жеткен хадисте: «Темірді тот басқан сияқты көңіл (жүрек) те күнәлармен кірленеді. Өлімді көп еске алу және Құран кәрім оқу көңілді жадыратады». Олай болса ақыреттік күнді ойлап, өлімді жиі еске алу қажет. Дәуіт пайғамбар (а.с.) өлімді есіне алғанда бүкіл денесі ұйып қалғанша жылаған, ол Жаратушының аса мейірімді екенін есіне алғанда ғана өз-өзіне келген. Ал, Иса пайғамбардың (а.с.) жанында өлім еске алынса, оның денесін қанды тер жабатын. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Әбу Бәкір турасында «Жер бетінен кім тірі өліні көргісі келсе Әбу Кухафәның баласына қарасын!» деген екен. Әбу Бәкір (оған Алла разы болсын) өлімді есіне жиі алатыны соншалық, оны «өлмей тұрып, өлген адам» деген.


image09-248x300Алла барша мұсылманға өлімді қайырлы етіп бергей!


Түкетаев Ардақ Әділханұлы

Ақтоғай аудандық орталық мешітінің бас имамы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары