Адамның жаратылу себебі – Алла Тағаланы танып білу, Оған құл болып ғибадат жасау...
Адамзаттың жаратылуына ең алдымен Алла Тағаланың өзі, яғни Оның бар болуы себеп болған. Құдси хадисте1 Алла Тағала: «Мен жасырын қазына едім. Білінуімді қаладым. Сол үшін бұл әлемді жараттым» 2.
Адамзаттың жаратылысындағы таңғажайып өнер мен ерекше құдірет нақыштары Алланың аса ұлық әрі төтенше өнері мен құдіретінің белгісі. Оның туындысы. Аят кәримәда:
«Нағыз иланушылар үшін жер жүзінде (Алланың құдіреті мен ұлылығын көрсететін) нышандар бар. Өздеріңде де бар. Көрмейсіңдер ме?» 3 – делінген.
Алла Тағала басқа бір аят кәримада адамның жаратылыс мерзімдерін білдіргеннен кейін:
«Жаратушылардың ең әдемісі (күштісі) – Алла қандай ұлы!» 4 – деп, Өз құдіреті мен ұлылығын білдірген.
Алланың көркем есімдері мен қасиетті сипаттары жаратылыстың ішінде тек адамзатта ғана ең кәміл түрде көрініс тапқан.
Құранда : «Сөзсіз біз адам баласын ең әдемі кейіпте жараттық...» 5, - делінген.
Жаратылысымыздың негізгі себептері мен басты сыры – Алланы танып, білу және Оған құлшылық ету. Аят кәримәда:
«Мен жындарды және адам баласын тек Маған ғана құлшылық етсін деп жараттым!» - деп айтылған.
Кейбіреулер адамның ішіп-жеу, рахаттану, жыныстық қатынаста болу және көңлі көтеру үшін жаратылғандығын ойлайды да, барлық өмірлерін осындай өмір түсінігімен өткізуге тырысады. Енді біреулері адамдардың оларға үстемдік құрып, өзіне тәуелді ету үшін жаратылғандығын ойлайды. Осы екі ой да материалистік түсініктің туындысы.
Алайда, ішіп-жеу – өмір сүру үшін, ал жыныстық қатынас шәһуәтты қандыру мен ұрпақ жалғастыруды қамтамасыз ету үшін адамға берілген жаратыс заңдылықтары. Бұл жануарлар әлемінде де бар жағдай. Адамның
хайуанаттан өзгешелігі – Алланың адамға берген кемелділік пен салмақтылық белгісі – ақыл мен рух. Адам осы ерекшеліктерімен Алла Тағаланы танып, Оның жаратқандарын түсінеді.
«Ислам ғылымхалы (дәлел-дәйектермен)»
Хайреттин ӨЗТҮРІК
1 Құдси хадис: Алла Тағаланың Хазіреті Пайғамбарға Құран Кәрімнен тыс білдіріп, мағынасы Алладан, сөзі Пайғамбарымызға тән болған хадистер.
2 Исмаил Хаққы Бұрсауи, Кәнзү Махфи.
3 Зәрият, 51/20-21.
4 Мүминун, 23/14.
5 Тин, 95/4
Пікірлер