Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сәби бала ата-анасын Жәннатқа жетелейді
21 қаңтар, 2016 жыл 342 Басып шығару нұсқасы

Абу Хасаннің екі бірдей перзенті дүние салғанда қайғы, уайымға беріліп, өзін жұбатуды Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінен іздейді. Осы ниетпен Абу Хурайраға (оған Алла разы болсын) жолығып: «Менің екі перзентім дүние салды. Менің жүрегімді басатын Алла елшісінен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) естіген хадисің болса айтып берші» деп өтінеді. Абу Хурайра (оған Алла разы болсын): «Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендердің перзенттерің – жұмақтың көбелегі. Олар өз ата-аналарын кездестіргенде етегінен ұстап алып, Алладан солар үшін кешірім сұрап, Алла олардың әке-шешесін жұмаққа кіргізбейінше жібермейді», - дегенін естідім деп Абу Хасанның көңілін басқан екен» (Муслим).


Осы хадиске сүйене отырып, дүниеге келген сәбилері өмірден ерте қайтқан ата-аналарға сабырлы болған абзал екендігін көреміз. Алла сабырлылармен бірге. Өз ажалымен өлген кішкентай перзентті жоқтап, дауыс көтере жылаған әбестік болады. Осы ретте айта кететін тағы бір өте өзекті мәселе, «перзентім мені жұмаққа кіргізеді» деп өз баласына өлім тілеуге болмайды және «өліп кеткен сәбиім мені жұмаққа кіргізер» деп Аллаға құлшылықты тоқтатпау керек. Керісінше, Алланы жиі еске алып, зікір етіп, намаз оқып, ораза ұстап, сол сәби Алланың алдында әке-шешесі үшін ұялмай кешірім сұрайтындай дәрежеде болуға талпынған жөн. Ислам діні қайырым мен ізгіліктің жолы. Әрбір хадисті оқығанда қайырлы істермен сабақтастырғанның сауабы мол болады.


Кәусар Сабыр

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары