Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Алла елшісінің көркем мінезі
25 қаңтар, 2016 жыл 459 Басып шығару нұсқасы

Көркем мінез – адамның ең үлкен құндылығы, ең үлкен қазынасы. Алла Тағала Мұхаммед Пайғамбарға (с.ғ.с) ең көркем мінезді нәсіп еткен. Алла Тағала: «Шынында, сен, Пайғамбар ең көркем мінездің иесісің»-деген (әл-Калам» сүресі, 4-аят).


Алла Тағала: «О, Пайғамбар айт: «Мен Құранды әкелгенім үшін сіздерден ештеңе, ешқандай сый талап етпеймін және өзіме тән болмаған мінезді көрсетуге тырыспаймын» («Сад» сүресі, 86-аят).


Алла елшісінің көркем мінезі алдыңғы барлық Пайғамбарлардың бар көркем мінезін қамтыған. Нұһ пайғамбардың ризашылығын, Ибраһим пайғамбардың Алламен достығын, Мұса пайғамбардың шынайылығын, Исмаил пайғамбардың уәдесіне беріктігін, Аюб пайғамбар мен Якуб пайғамбардың сабырлылығын, Дәуіт пайғамбардың адамдарды ақтауға бейімдігін, Сүлеймен пайғамбар мен Иса пайғамбардың қарапайымдылығын, сондай-ақ қалған барлық пайғамбарлардың ең көркем адами қасиеттерін бір бойына жинаған.


Бұл туралы Алла Тағала: «О, Мұхаммед (с.ғ.с) алдыңғы пайғамбарлардың дұрыс жолымен жүр»-деген. Бұл жердегі «дұрыс жолымен жүр» деген сөз бұрынғы пайғамбарлардың ең көркем адами қасиеттерін ұстануды білдіреді. Мұндай дәрежеге алдыңғы пайғамбарлар мен елшілердің ешбірі жетпеген. Сондықтан да Алла Тағала Мұхаммед Пайғамбарды ең көркем мінездің иесі еткен.


Жоғарыда айтылғандардың бәрі Айша анамыздың Алла елшісінің мінезі туралы айтқан жауабында жинақталып берілген. Айша анамыз: «Оның мінезі Құран болған» -деген. Айша анамыз бұл арада Пайғамбарымыздың Құранда аталған ең көркем қасиеттерге ие болғанын меңзегені еді. Басқа бір хадисте Айша анамыз: «Сен Құран аяттарын оқымадың ба?!»-деп жауап береді.


Тақуа Хусайн ан-Нури: «Алла Тағала оның жанын Өз қасиеттерінің нұрымен нұрландырғанда Пайғамбардың мінезі қалай ұлы болмасын»-деген.


Пайғамбарымыз: «Расында Алла Тағала үш жүз алпыс қасиетке ие. Және осы қасиеттердің тым болмаса біріне ие болып, Аллаға жолыққан адам Жұмаққа кіреді»-деген. Сол кезде сахаба Әбу Бәкір: «О, Алланың елшісі! Менде осы қасиеттердің бірі бар ма?»-деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Оның бәрі сенде бар Әбу Бәкір. Және Аллаға ең сүйіктісі – жомарттық»-деген екен.


Адам үшін ең көркем қасиет Аллаға толық бойұсыну, өз Жаратушысына разы болу, адамдармен қарым-қатынаста мейірім мен жомарттық.


Әмина Омарова


Қарағанды облыстық орталық мешіті

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары