Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Пайғамбарға деген махаббат
27 қаңтар, 2016 жыл 1682 Басып шығару нұсқасы

roza-buton-stebel-oboi-7694444Алла Расулін (саллал- лаһу аләйһи уә сәлләм) сүйген оның жолына түседі, сүннетін өзіне жақын тартады және Аллаyың сүйікті құлы болу мәртебесіне қол жеткізеді. Алла махаббатына Пайғамбар махаббаты арқылы жол табады, Адам қияметте сүйгенімен бірге болады. Бір сахаба Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келіп:


* «Қиямет қашан болады?», - деп сұрайды. Мырзамыз (Пайғамбар


(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)):


* «Қиямет үшін не дайындадың?», - деп қарсы сұрақ қояды. Сахаба:


* «Айтарлықтай көп намазым, ораза мен ғибадатым (құлшылық) жоқ. Бірақ, Алла пен Расулін сүйемін», - дегенде Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Сен сүйгеніңмен бірге боласың», - дейді. (Бұхари, Фадайлус-Сахаба, 6, Әдәб 95-96; Дарими. Рақайқ,71).


Иләһи махаббатқа жету үшін, алдымен Пайғамбарымызды (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сүю керек. Асыл махаббатқа жеткізетін махаббатқа қол жеткізу үшін Оның махаббатымен сусындау керек. Өйткені, Оған деген махаббат-ғашықтық жолының бастамасы, әрі соңы. Бүкіл махаббат оған қайта оралады. Ақын жүрегі айтқандай бұны былай түсіндіруге болады:


Махаббаттан болды, Мұхаммед пайда,


Мұхаммедсіз махаббаттан не пайда?!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары