Тілдік нұсқа
Радио

мақала

АЯҚ КИІМНЕН ШЫҚҚАН АҚША
27 қаңтар, 2021 жыл 274 Басып шығару нұсқасы

ArJlgYyMcurj8yo4e16LlyGdqIPo5sv66YLU-lwWhmdLБірде профессор мен студент саябақта жолығып қалып, бірге серуен құрады. Әлдебір адам жұмыс істеп жүрген алаңды көреді. Профессор мен студент аялдаған жерде сол адамның ескірген аяқ киімі мен жұпыны шапаны жатыр екен. Бұлар бұл заттардың әлгі алаңда жер тырмалап еңбектеніп жатқан байғұстікі екенін бірден аңғарады.

Іші пысқан студент әлгі адамның киім-кешегін тығып қойып, сыртынан қызық көріп бақылауды ұсынады. Оның бұл ойына профессор: «Сол көріністен қызыққа батқың келіп тұр ғой? Сен ауқатты кісінің баласысың. Оның орнына мына жатқан әр етікке бірнеше тиыннан салсаң одан да зор ләззат алар едің...»-дейді.

Студент оқытушысының аятқанындай жасап, әр етікке бірнеше тиыннан салып, екеуі бой тасалайды. Жұмысын аяқтаған әлгі кедей өзінің заттары жатқан жерге келіп, аяқ киімін кие бастайды. Бірақ аяғына әлдененің батып тұрғанын сезіп қайта шешкенде етігінен түсіп жатқан тиындарды көреді. Екінші етігінен де дәл солай бірнеше тиын түседі.

Жан-жағына қараса ешкімнің қарасы көрінбейді. Бұл кезде кедейдің қуанышында шек болмады. Тізерлеп отыра қалып, Аллаға өмірінің қиын сәтінде көмектескені үшін алғыс айта жөнелді. Иә, бұл кезде әлгі кедейдің әйелі сырқаттанып, жүрек жалғар тамақ алуға тиын-тебені болмай жүрген еді.

Сол кезде студентке қараған профессор:

– Рахаттандың ба? – деп сұрайды.

Сонда студент:

– Бұл сіздің маған берген ең жақсы сабағыңыз болды – деген екен.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары