Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Пайғамбарымыздың (ﷺ) ата-анасының некесін кім қиған?
01 ақпан, 2021 жыл 602 Басып шығару нұсқасы

7Go3DtA3rbQАбдулла әкесі Абдул-Мутталиб сияқты Ибраһим пайғамбардың дінін ұстанған. Меккенің көркем мінезді бозбалаларының бірі болған. Қаланың бойжеткендерінің бәрі оны ұнататын. Бірде кешкісін үйіне келгенде әкесімен арада неке туралы сөз қозғалады.

- Сені үйлендіретін уақыт келді ұлым. Менің ойымда бір қыз бар, егер ол қыз саған ұнаса, ата-анасына құда түсіп барамыз – деді сол сәт әкесі Абдул-Мутталиб. Әкесінің ойы - ұлын пұтқа табынушы емес, Ибраһим пайғамбардың дінін ұстанатын қызға үйлендіру еді.

- Мен сіздің маған тек жақсылық ойлайтыныңызға сенемін – деді Абдулла.

- Менің таңдауыммен келіскеніңе қуаныштымын. Онда құда түсуге кеттік – деді әкесі.

- Ол қыз кім? – деді Абдулла.

- Уақабтың қызы Әмина. Шынымды айтсам менің өзім де оны көрген жоқпын. Бірақ оның көркем мінезі мен адалдығы турасында естідім. Ол қыз өте тақуа. Оның үстіне олар біздің алыс туысқандарымыз – деп жауап берді әкесі.

Уақаб қонақтарын қуана қарсы алады.

 


  • О, Уақаб мен сенің қызың Әминаны ұлым Абдуллаға айттырғалы келдім – деп Абдул Муталлиб сөз бастайды.


  •  


- О, Абдул-Муталлиб! Біздің қызымызды Абдуллаға сенен бұрын айттырып қойды – дейді Уақаб.

Бұған Абдул-Муталлиб қатты таңырқайды. Оның таңқалған түрін көрген Уақаб сөзін жалғастырады:

- Менің жұбайым біздің үйіміздің қалай нұрға толғанын түсінде көріпті. Ал мен бабамыз Ибраһим пайғамбарды көрдім. Ол маған: «Мен Абдул-Муталлибтің ұлы Абдулла мен Әминаның некесін қидым және сен мұны қабылдауға тиіссің»-деді. Мен сендерді күні бойы күттім.

Мұны естіген Абдул-Муталлиб орнынын ұшып түрегеліп:

 

 


  • Аллаһ ұлық! Аллаһ ұлық!- деп айғай салады.


  •  


Осыдан кейін Абдулла мен Әминаның үйлену тойлары өтеді.

 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары